Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Атқарылған істер, алдағы міндеттер

Қаңтар айының бас кезінен арнаулы түзілген кесте бойынша дәстүрге айналып келе жатқан әкімдердің есептерінің бірін 2017 жылдың 19 қаңтар аралығында Құдайкөл және Сарықамыс  селолық округтерінің әкімдері  есеп берді.

Құдайкөл ауылдық округінің аумағында екі елді мекен орналасқан, оның ішінде 714 адам тұрады.

Мұнда кұм өндіруді жүзеге асыратын «Қарасор КБК» ЖШС-мен қала құрылысы кәсіпорыны қамтамасыз етеді.  «Қарасор КБК» ЖШС-да кірпіш зауыты жұмыс істейді. 2017 жылы кұм карьерін ашу жоспарлануда, оған 13 жұмыс орны ашылмақ.

Қарасор жалпы орта мектебі АҚ «Қазақстан Темір Жолы» арқылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.

2016 жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Қарасор жалпы орта мектебінде есік ойықтарының ағымдық жөндеуден өтті.

Ауыл округін аббаттандыру, жарықтандыру, сумен жабдықтау бойынша жұмыстарды жалғастыру, сонымен қатар Қарасор ауылында қалалық бюджеттен бөлінген қаражаттарға білім және денсаулық қызметкерлеріне  екі бөлмелі үй салу жоспарлануда екендігін ауылдық округ әкімі өз есебінде ескерді.   

Ал Сарықамыс ауылдық округінің құрамына Сарықамыс және Қуандық  ауылдары кіреді.

Ауыл орталығындағы Жеңіс саябағында ҰОС-на қатысқан ардагерлерге арнап мемориалдық тақтаның үстіне рельефті Жеңімпаз жауынгердің мүсіні қойылды.

Ауылдың орталығында шағын-футбол алаңы орналастырылды. Зиратқа баратын жол жөндеуден өтіп, дренажды құбыр салынды. Солнечный-Сарыкамыс тас жолына ақпарттық стелла қойылды. Жергілікті қауымдастық шотынан кіреберіс арканы орнату үшін сметалық жоба дайындалды. Таза су босататын  КБМ қондырғысы тұрақты жұмыс істеп тұр. Жаңадан алынған су тасу көлігімен Қуандық аулына таза ауыз су жеткізіледі.

Ауылдық округтің әкімдері Ерлан Жанбыртайұлы мен Марат Қайырбекұлы  тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді. Барлық ұсыныстар арнайы хаттамаға енгізілді.