Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бәйет ауылдық округі әкімінің есебі

2017 жылы 18 қаңтар күні Бәйет ауылдық округінің есебі өтті.

Бүгінде ең алдымен адам капиталы мен әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін, сол арқылы тұтас халықтың берекелі өмірін көздейтін бағыттарды басым болып отыр. Яғни, жергілікті биліктің алдында өңірлерді дамыту үшін аса зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр.  

Округ әкімінің есеп беру барысында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы, ауылдық округтің даму жоспары бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстары, және аталмыш округ бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017–2018 жылдарға арналған инвестициялық жоба жоспарлары таныстырылған болатын.

Ауыл тұрғындары көбінесе әлеуметтік тұрғыдан сұрақтар қойды. Амантай Докторхан тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп,  жиынында алда шешімін табатын мәселелердің қатарына тоқталды.