Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз ауылдық округі әкімінің есебі өтті

        2017 жылдың қаңтар айының 16-17 күндері Екібастұз ауылдық округінің Мынтомар, Ақшы, Қаражар, Талдыкамыс, Көксиыр және Тай ауылдарында кезекті әкім есебі өтті.

        Ауыл округінің әкімі өз алғаш сөзінде атқарушы органның жұмысы еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға, халықтың ауқатын жақсартуға бағытталған екендігін баса айтты.

        Ауыл тұрғындары Екібастұз ауылдық округінің әкімі Марат Қайыржанұлының есебін тыңдап, бірнеше өзекті сұрақтар қойды.

        Округ әкімі кездесу кезінде көкейкесті сұрақтарға жауап берді. Барлық көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар жүзеге асыру үшін хаттамаға енгізілді.

         Марат Қайыржанұлы, ортаға түскен ұсыныстарды ескеріп, ауыл өмірін одан әрі жақсарту үшін одан әрі жұмыс жалғасады екендігін сеніммен білдірді.