kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Оқу-ойнау» атты оқу бойынша олимпиада ойындары өтті

17 қаңтар күні орталық балалар кітапханасында №5 және 10 мектептердің 1 сынып оқушылары үшін «Оқу-ойнау» атты оқу бойынша олимпиада ойындары өтті.

Атламыш іс-шараның мақсаты оқушылардың оқу дағдысын, түсініп және дұрыс оқуын, оқу шапшаңдығын, мәнерлеп оқуын дамыту. Балаларды кітапхананы пайдалану ережелерімен, көрсетілетін қызметтермен таныстыру.

Оқу залында «Модные новинки из книжной корзинки» аталымымен кітап көрмесі қойылды. Көрмеде балаларға арналған орыс және қазақ тілдерінде 65 кітап ұсынылды.

Балалар ойын шартымен таныс болғаннна кейін жарыстың негзігі бөліміне кірісті. Шара барысында ересектер абонементінде оқушылардың оқу техникасын тексеру жүргізілсе, ал оу залында олардың сыныптастарымен «Ертегі микс» бейне-викторинасы, «Мектепке не үшін барады?»  ойындары ойналып, жұмбақтар шешті.

Ойын соңында қазылар алқасының мүшесі Марина Андреевна Сагиденова  «Mailim» жылдам оқу мектебін ұсынушы оқу техникасының қорытындысын шығарды. Жылдам оқу мектебінің атынан дипломмен марапатқа ие болғандар:  Валерия Олянина (1 орын-105 сөз) Яна Василюк (2 орын-51 сөз), Әмірхан Айдынғали (3 орын-25 сөз).

Сондай-ақ «Читалочка-игралочка» атты олимпиада ойынына қатысушыларға орталық балалар кітапханасының  атынан диплом беріліп, кітапты сыйға тарту етті.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза