Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамет Ахметұлы Құнаевтың 105 жылдығына арналған «О моем времени» портрет кеші

«О моем времени» атты іс-шара №2 кітапханамен бірлесіп қалалық тарихи-өлкетану музейінде өтті.  Оған №10 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында музейдің экскурсия жүргізушісі М.А. Әубакірова жиналғандарды мерейтой иесі туралы қызықты материалдармен таныстырды. Сонан соң балаларға ұсынылған документальды фильм арқылы Д.А. Құнаевтың толық бейнесін ашты. Мәселен, бұл кісі газет - журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырғандығы, тұрмыста, отабсында қандай адам болғандығы туралы білді.

           Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахмедұлы  100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Атап айтсақ, «О моем времени», «От Сталина до Горбачева» және т.б. Д.А. Құнаев  Қазақстан ғана емес, әлемнің әр елдеріне белгілі.

           №2 кітапхананың меңгерушісі Т.Ю. Хохлова қатысушылардың назарына «Қазақстанның  алтын есімдері» атты тақырыпқа әдебиеттерді қарап шығуды ұсынды. Соның ішінде Д.А.Құнаевтың «О моем времени» деп аталатын кітабына  толығырақ тоқталып өтті. Кітапта естеліктер мен отбасылық фотосуреттер қамтылған. Әсіресе Геннадий Толмачевтың «50 встреч с Д.А.Кунаевым» деген кітабы қызығушылық танытты. Бұл кітапта Д.А.Құнаевтың Екібастұз қаласына келіп кеткеннен кейінгі сақталған музей қорындағы мұрағаттық фотосуреттермен танысу мүмкіндігіне ие болды.