Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кәсіпкерлердің назарына!

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының жанында кәсіпкерлерді қолдауға арналған 12 орталық (КҚО) жұмыс істейді. Оларда келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

            1.Шағын және орта бизнес субъектілерін, кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы тұрғындарды кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары жөнінде хабардар ету;

            2. Шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету ережелерін сақтай отырып, құжаттарды әзірлеу ережелері мен талаптарын оңайлатып және жеңілдете отырып,

белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру арқылы «Бір терезе» қағидасы бойынша қаржылай емес қызмет көрсету; 

3. Шағын және орта бизнес субъектілеріне және кәсібін ашуға ынталы азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай емес  қолдау бағыттарын жүзеге асыру;

4. Шағын және орта бизнес субъектілерінен және кәсібін ашуға ынталы азаматтардан қаржылай емес көмек алу үшін келіп түскен өтініштерін жинау;

5. Кәсіпкерлік істі ашу және жүргізу бойынша ақпараттық-кеңестік қызмет көрсету;

6. Қаржы институттарымен жұмыс жүргізу ережелерін түсіндіру.

            Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары қызметтерін тегін көрсетеді.

            Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының қызметтерін моноқалалар мен аудандық орталықтарының Кәсіпкерлер палатасы филиалдарынының жанындағы төмендегі мекенжайлар бойынша алуға болады: 

            Екібастұз қ., Строительная көш. 45, тел. 87187347661.

            Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының жұмыс уақыты: 9.00 -ден 18.30-ге дейін.