Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 7 ХАБАРЛАМАСЫ

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

2013 жылғы 19 шілдедегі

№ 7 ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидасы 3-бабының 20-тармағы негізінде

Құдайкөл ауылдық округінің әкіміне кандидаттар болып тіркелді:

Винс Николай Андреевич, 1986 жылы туған, «Құдайкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Құдайкөл ауылдық округінің Құдайкөл ауылында тұрады

Кәрімжанов  Қайрат  Қадырұлы, 1965 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Қарасор жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры, Құдайкөл ауылдық округінің Қарасор ауылында тұрады

Омашев Жұмабай Малтаұлы, 1955 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Құдайкөл жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры, Құдайкөл ауылдық округінің Құдайкөл ауылында тұрады

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы