Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шұғыл қызмет телефондары

Әр адам өз өмірінде бір рет болсын төтенше жағдай куәсі болды. Қазіргі өмірде қолайсыз жағдайға тап болған адамға, қол ұшын беру әр адамның мақсаты болып қалыптасу қажет. Адам өміріне зиянын тигізбей қандай іс- қимыл  жасау керек ?

Біріншіден төтенше жағдай болған жерге  шұғыл әрекет жасау қызметін шақыру қажет. Кезекші хабарламаны шұғыл түрде қабылдайтын болса, кәсіби көмек көрсету қызметі тез арада жетеді

Арнайы қызметтерді шұғыл түрде шақыру үшін келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз:

1

Құтқару қызметі

112

2

Өрт қызметі

101

3

Полиция

102

4

Жедел көмек

103

Шұғыл қызметке келесідегідей хабарласа аласыз:

- қалалық және мобильдік телефондардан,

- сіздің мобильдік телефоныңызда қаражат болмасада,

-  SIM-картаңызға шек қойылсада,

-  телефоныңызда SIM-картаңыз болмасада,

Шұғыл қызметке телефон шалу тегін.

Диспетчерге нені хабарлауыңыз қажет?

1. Жағдай сипаты (жол-транспорт оқиғасы, өрт, және т.б.)

2. Жағдай орыны: (нақты мекен-жайы айтылады (облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің нөмері)

3. Зардап шеккендер саны олардың арасында балалар бар ма (өте қажет)

4. Өтініш берушінің аты – жөні, тегі, байланыс телефоны (сол телефон арқылы кімнің телефон шалып тұрғанын анықтайды).

Қазақстан Республикасының азаматтары жалған хабарлама үшін, күшін жоймаған заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады