Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Ескертеді! Крещения мерекесінде суға шомылуда қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар

Крещения мерекесіндегі әдет-ғұрып іс-шараларды өткізу кезінде жазатайым оқиға тап болмас үшін, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы келесі қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керектігін ескертеді:

 - суға шомылу авариялық - құтқару құралымдарының қызметшілерінің кезекшілігі қамтамасыз етілген және суға түсетін жерге бару жолы жасалған тек арнайы жабдықталған орындарда өткізілуі қажет;

 - ішімдік ішкен адамдардың суға түсуіне тыйым салынады;

 - суатқа суға түспес бұрын денені қыздырып алу керек, дене құрысын жазып, жүгіріп;

 - аяқтың сезімталдығын жоймас үшін, суатқа ыңғайлы тайғанамайтын тез шешілетін аяқ киім киген жөн. Суатқа бара жатқан кезде асықпаңыз, жол тайғақ болуы мүмкін;

 - суға мойынға дейін кірген дұрыс, бастағы ми тамырларының тартылуынан сақтану мақсатында басыңызды суламаған дұрыс. Суатта  ешқашан сүңгімеңіз.. Суға секіру, суға бүкіл денемен әсіресе баспен малту өте қауіпті, ол дене қызуының төменденуіне және суықтан есеңгіреуіне әкеліп соғуы мүмкін.

 - суға кірген мезетте тез арада сізге керекті тереңдікті меңгерген жөн бірақ  жүзбеңіз. Есіңізде болсын, суық судан тыныс алудың жиілеуі мүмкін, бірақ бұл қауіпті емес;

 - бүкіл дененің суып кетпеуі үшін суатта 1 минуттан аса тұрмау қажет;

- өзіңізбен бірге қасыңызда балаңыз  болса бақылаусыз қалдырмаңыз, ересектерсіз суға түсуге жол бермеңіз  ;

- шығар кезде тұтқадан ұстамаңыз, тігінен шығу өте ауыр және қауіпті, қолыңыз тайып кетіп мұз астына кетіп қалуыңыз мүмкін. Өзара көмек және сақтық жабдықтары қажет. Судан шыққан соң өзіңізді және балаңызды жұмсақ орамалмен сүртіңіз, құрғақ киімдерді киіңіздер

 - иммунитеттіңізді нығайту мақсатында және суық тиюдің алдын алу мақсатында жеміс - жидекті ыстық шәй ішу керек. 

         Крещения купельіне сүңгу үшін дайындығы бар адам ғана түсу керек

Есіңізде болсын, кез келген сипаттағы диабет, жүрек-тамыр жүйелерінің, өкпенің қабынуы, тыныс демікпесі, несепбөлу жолдарының жүйелері, бүйрек және тағы басқа ауруларымен ауыратын адамдарға мұздай суға түсуге тыйым салынады.

         Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.