Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Мұз үстіндегі қауіпсіздік жөнінде» рейд жүргізілді

2017 жылдың 12 қаңтарында Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы төтенше жағдайдарды ескерту тобының бас маманы, «Қазақстан  Республикасы    Ішкі   істер министрлігі  төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар  Департаментінің жедел- құтқару жасағы  (Павлодар қаласы)» Мемлекеттік Мекемесінің бас құтқарушы міндетін атқарушы  Молдагалиев Р.Р., құтқарушы Карпышев А.Н., Екібастұз қаласы Ішкі Істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Жаныбеков С.Ж. және телеарна («Екібастұз қалалық телекомпания» мекемесі)  мен қалалық газеттердің («Отарқа», «Голос Экибастуза» «Семерка»,)  өкілдерімен  қала сыртында орналасқан ГРЭС-2 су қоймасына  қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын-алу және болдырмау мақсатында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасымен ұйымдастырылған «Мұздағы  қауіпсіздік жөнінде» рейд жүргізілді.

Рейд барысында келесі жұмыстар атқарылды:

Су қоймасының жағалардағы мұздың қалындығы 110-120 см, ал фарватер бойынша мұздың қалыңдығы 70-80 см. Су қоймасының ортасында 8 автокөліктерімен әуесқой балықшылар болды. Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, Екібастұз қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің инспекторы - полиция майоры, бас құтқарушы міндетін атқарушы балықшылармен мұздағы қауіпсіздік жөнінде алдын ала ескерту бойынша әңгіме  жұмыстарын жүргізді. Жаднамалар таратты.

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы төтенше жағдайдарды ескерту тобының бас маманы Хамитова М.К., мұздағы  қауіпсіздік шараларын яғни балық аулау кезінде  мұздан шамалы мөлшерде көп ойық жасауға, мұзда секіруге, жүгіруге, адамдардың бір жерге шоғырланып жиналуына болмайтындығын. Өзімен бірге бас жағында 400-500 грамм салмағы бар зат, ал аяқ жағында ілмектеп байланған  12-15 метр мықты арқан жіп алып жүруді ұсынды, сондай-ақ  жұқа, ойылған, жарылған мұздың жанынан жүрмеуге және 7-8 см мұз 1 адамды, 15 см аздаған топтағы адамдарды ал 25 см автоколікті көтеретіндігін  айтты.