Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шиқылдақ ауылының әкімі Г. Еңсебаеваның 2017 жылғы қаңтар айында тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде сөз сөйлейтін ТЕЗИСЫ

Әкімшілік-аумақтық бірлік. Шиқылдақ ауылы Екібастұз қаласының онтүстік-батыс жағында орналасқан.Жалпы алғанда ауыл-шаруашылық 116 000 гектар жері бар. Бүгінгі күні  ауыл тұрғындарының саны 505 адам.

           Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығымен айналысатын  22 шаруа қожалықтары мен  8  жеке  кәсіпкер  ұйымдастырылған.  Негізінен шарауашылықтар мал   өсірумен  айналысады.

     2016 жылы  «Жұмыспен  қамту  жол картасы 2020» бағдарламасы  арқылы 2 адам  шағын  несие  алды.   Хайрым  Сапар  3,0 млн. тг. несие  алып 9 бас  сауын биелер  сатып  алды.  Дауитхан  Маруа  1,5 млн. тг. несие  алып, 8 бас  сауын сиыр  сатып  алды.

  «Иса» шаруа  қожалығы  басшысы Татаев Ш. И. «Сыбаға» қорынан 8,8 млн. теңге несие алды, оған  екі асыл тұқымды бұқа, 42 қара мал қазақтың ақбас сиырларын  сатып алды.

   «Алтын  асық» бағдарламасы  арқылы «Иманмахмуд» шаруа  қожалығы  басшысы  Байкенов М.И.- 5,5 млн. тг. несие  алып, 220 бас қой мен 10 бас қошқар  сатып  алды.

   «Құлан»  бағдарламасы  арқылы  «Алькебаев» шаруа  қожалығы  басшысы Алькебаев А. А. – 17,5 млн. тг  несие  алды. Оған  49 бас  бие  мен 9 бас  айғыр  алды.

    Ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтарымен дайындалған 4260 тонна  шөп өнімі қыстаққа жеткілікті жеткізілді.

           Білім. Жалпы орта білім беретін 1 мектеп жұмыс істейді, мектепте 79 оқушы  білім  алады, 0 мен 5 жас аралығында  71 бала бар. Оның ішінде мектеп  алды даярлық тобында- 15 бала, шағын орталықта-20 бала қамтылған. Жалпы біліммен   қамтылған жасөспірімдер -100%. Мектепте Интернет жүйесі қосылған.

 Денсаулық сақтау. Медициналық пункт СЭС талабына сай, пунктке арналған  жабдықтар бар. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бекітілген графигі бойынша медицина саласының мамандары келіп қабылдау өткізіп тұрады. Жылына бір рет  жылжымалы флюкар мен жылжымалы  медициналық МЕД-КАРу келіп  тұрғындарға  қызмет  көрсетеді.

        Әлеуметтік саласы. Бүгінгі күні жұмыспен қамту бөлімінде 1 адам есепте тұр, ол  қоғамдық жұмысқа тартылған.  Ауыл көлемінде  тұратын аз қамтамасыз етілгендерге, мүгедектерге,  көп балалы  отбасыларына бюджеттен бөлінген  56 тонна көмір тегін тасылып, таратылып берілді.

        Спорт және мәдениет. Ауылдық клуб сиымдылығы 80 орындық. Мәдени  іс шаралар бекітілген іс-шаралар бойынша атқарылады. Қазақстан Республикасы бойынша бекітілген ұлттық және мемлекеттік мерекелер уақытында аталып өтеді.

  Ауыл кітапханасының жұмысы өзінің жоспарына сай жүргізілуде. Кітап қоры 10424 дана. Ақырғы жылдары кітапхана мемлекеттік тілдегі кітаптармен толығуда.

Ауыл жастары  мерекелерге арналған іс-шараларға ұнемі қатысып отырады. Үнемі спортпен шұғылданатын жастар пайызы 100%.

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай  арнайықордан  бөлінген  қаржыға  шағын футбол  алаңы  салынды. 550 мың теңгеге  балалар  ойын  алаңы   қоршалды.

Инфроқұрылым .  «Казпошта»АҚ   бөлімшесі ауыл тұрғындарын ақпарат құралдармен қамтамасыз етуде, зейнеткерлерге зейнет ақы  мен  әлеуметтік  жәрдемақылар уақытында  жеткізіліп, таратылады. Ауыл тұрғындары  «Отау ТВ» ұлттық  спутникалық теледидармен қамтамасыз етілуде.

Ауыл  бойынша  қосылу 75 пайызды  құрайды.

Телефон байланысы, бүгінгі күні әр үйге терминал орнатылды ақаусыз жұмыс істеуде.

Таза сумен қамтамасыз ету: КБМ орнатылған, жұмыс  істеп  тұр. .

Ауылда көше жарығы қамтамасыз етуілген..

Ауылға кіреберіс және ішкі жолдардың тиісті жағдайында ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізілуде.

Ауылдық елді мекендерді көркейту және жасылдандыру. Көркейту  мен жасылдандыру  бойынша  сенбіліктер  өткізіліп  тұрады.

Ауылдық елді-мекендердің санитарлық тазалауын қамтамасыз ету – ауыл  бойынша тұрғындардың қыстан шыққан көн-қоқыстардың, ауыз суларынтасумен  МТЗ-82,1  тракторы атқарады.

          Қоғамдық-саяси жағдай-тұрақты. Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық  ұйымдармен бірге ауылдың моральді психологиық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту  үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамды-саяси, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізеді  және өткізілуде.

 2017 жылға Шиқылдақ ауылының дамытуға алға қойылған  тапсырмалар:

-Шиқылдақ ауылының көлемінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алуға көмектесу, ауыл көшелерін, жеке меншік аулаларын санитарлық талапқа сай ұстау жұмыстарын жүргізу, таза сумен қамтамасыз ету, кіреберіс және ішкі жолдарды тиісті жағдайын қамтамасыз ету, қосымша көше жарығын орнату және  ұстау, ауылды  көркейту  мен көгалдандыру  жұмыстарын  жүргізу.