Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шідерті поселкесі әкімі Ж. Жанымханның 2016 жылдың қорытындысы бойынша тезисі

Шідерті поселкесінің  2017 жылдың 1 қаңтарына тұрғындарының саны - 3436 адам.

Олардың ішінде: 524 оқушы, 533 зейнеткер,

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жеке оңалту жоспарына сәйкес қызмет көрсетіледі. 20 жалғыз басты зейнеткер  және 10 бала үйде қызмет етумен қамтылған.

Жұмыссыз ретінде 6 адам тіркелген, олардың барлығы қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ-нің штаттық құрылымы 7 бірлік құрайды (әкім - 1 бірлік., 3 - бас және 3 жетекші маман)

Негізгі қызмет

Әкім аппаратында 2016 жылдың 12 айда 135 өтініш қарастырылды, оның ішінде 11 өтініш заңды тұлғадан.

Есеп кезеңінде әкім аппараты 99 өкім қабылдады.

Жылдың басынан бастап лауазымды тұлғамен 44 нотариалды іс жүргізілді.

821 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бюджет

Поселоктың 2016 жылғы нақтыланған бюджеті 97,8 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде поселок әкімі аппаратына – 19,3 млн.теңге, білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге- 42,7 млн.теңге, мәдениет саласы қызметіне – 15,0 млн.теңге. 

 «Оқушыларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен 1 млн.641 мың.теңгеге бөлінді және 4 елді мекенге 155 оқушы автобуспен тасымалданады.

Бөлінген барлық қаражаттар мақсатты жұмсалды. 2017 жылғы бюджетті игеру 100%  құрады.

ҚҚШБ

2016 жылы жергілікті ҚҚШБ қаржылай қаражаттың түсімі 13,3 млн.   теңгені құрады, 2015 жылдың қалдығы 1383,0 мың.теңге.

ҚҚШБ шотында ақшалай қаражаты 14,7 құрылды. Бүгінгі күні 12,0 млн. тенге игерілді. Игерілмеген – 207 млн. теңге, оның ішінде: 1,1млн.теңге – мемлекеттік сатып алудан үнемділігі, 1,6 млн.тенге – желтоқсан айындағы түсім.

2017 жылдың ақпан айына осы қаражатқа поселок көшелеріне видеобақылау орнатуға жоспарлануда және поселоктін абаттандыру жұмыстары жүргізуге. Сонымен қатар келесі жүмыстар жүргізілді:

-         қаңғыбас иттерді аулау – 210 мың.теңге;

-         ұйымдастырылмаған қоқысты жинау – 800 мың.теңге;

-         поселок ішіндегі екі көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжат дайындау - 200,0 мың теңге;

-         поселок ішіндегі жеті жолдарға орташа жөндеу жүргізуге жобалық сметалық құжат әзірлеу – 1703,8 мың.теңге;

-         қоршауларымен жиынтық контейнерлер  сатып алу және орнату – 5 млн. 977 мың.теңге;

-         көше жарығын кеңейтуге – 2269,2 мың.теңге;

-         әктас пен бояу сатып алуға – 26,7 теңге;

-         көше жарығына төлем – 600,0 мың. тенге.

 

Поселктің коммуналдық саласына бөлінген қаражаттар

Шідерті поселкесінде екі пәтерлі бір қабатты 292 үй, екі қабатты 70 үй бар.Оның ішінде орталықтан жылытуға қосылған екі қабаты үйлер – 69 (732 пәтер), екі пәтерлі бір қабатты - 118 үй ( 236 пәтер).

2016 жылы қалалық бюджеттен ТКШ бөлімі арқылы 14 ЖҚ-нан Калинин көшесі 16,14,12 үйлерден және степной көшесі 10,8,6 үйлер ұзындығы 407 метр кварталаралық жылу жүйелеріне күрделі жөндеу 14,2 млн. теңге бөлінді.

Ұзындығы 1,4 км үш көшеге 81,8 млн.теңге сомасына ЖСҚ әзірленді.

1. 9 ЖҚ нан Ленин көшесі № 14 үйден Спортивная көшесіне күрделі жөндеу.

2. 6 ЖҚ-нан Клинин көшесі № 2,4,6,12 үйлерге күрделі жөндеу.

3. Степной көшесі № 19 үйден Спортивная көшесі № 33 үйге.Сонымен қатар, қосымша бөлінген қаражат есебінен қараша айында жалпы көлемі 1,8 млн.теңгеге жылу жүйесінің апатты учаскелерін ауыстыру және орау жұмыстары жүргізілді.

 

2016 жылы «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» филиалы Павлодар пайдалану басқармасы «Казводхоз» РМК-ның қаражаты есебінен келесі жұмыстар жүргізілді:

-         82,6 млн.теңге сомасына №2 қазандықты күрделі жөндеу;

-         3,3 млн. теңге сомасына 9 ЖҚ-нан 15 ЖҚ-на дейін магистралды жылыту жүйесін ауыстыру;

-         2,7 млн.теңге сомасына поселоктың жылыту- суқұбырлары жүйесін жөндеу және пайдалану;

-         5,7 млн. теңге сомасына қазандықты және қазандықтың құрал – жабдықтарын жөндеу;

-         2,7 млн. теңге сомасына сору- сүзу стансасының құрал – жабдықтарын ауыстыру.

2017 жылы келесі жұмыстарды орындау жоспарлануда:

-         17,8 млн. теңге сомасына 28 СҚ-нан 13 СҚ-на дейін су құбырын жөндеу;

-         2,9 млн.теңге сомасына поселоктың жылыту- суқұбырлары жүйесін жөндеу және пайдалану;

-         5,4 млн. теңге сомасына қазандықты және қазандықтың құрал – жабдықтарын жөндеу.

Есептік кезеңде 9 жалпы поселкелік сенбілік өткізілді және демеушілік қаржы есебінен 50 камаз ұйымдастырылмаған қоқыс шығарылды.

4 поселок ішіндегі жолдарға себу және грейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік бағдарламалар

«Жұмыспен қамту жол картасы- 2020»  бағдарламасы бойынша 8,6 млн.теңге сомасына қоршау жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы 2 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасына қатысты. «Анара» шаруа қожалығы 32 млн.теңге сомасына 163 бас асыл тұқымды ІҚМ, 9 бас бұқа сатып алды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында «Аружан»  ЖК «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн.теңге сомасына несие алып 6 бас ірі қара мал және 1 бұқа сатып алынды.

Биылғы жылы «Лейла» ШҚ 100 гектар жерге картоп және 15 гектар жерге сәбіз отырғызды, картоп өнімділігі 300 тоннаны құрады.

«Асқар» шаруа қожалығы 50 гектар жерге картоп отырғызды. 10 тоннадай картоп жиналды.

Поселок бойынша мал саны: Ірі қара мал -716 бас,   жылқы- 162 бас,

ұсақ  мал – 1338 бас,  шошқа - 72 бас

Жыл сайын өтетін «Мектепке жол» акциясына жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, ұйымдар белсенді қатысты. 35 азқамтылған және көпбалалы жанұяға 586 мың теңге сомасына көмек көрсетілді.

2016 жылдың қазан айында поселокта «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалы ашылды.

Әлеуметтік – экономикалық дамуға инвестициялар.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша поселок территориясында жол- пайдалану пункті және автокешен құрылысы жүргізілуде.

Автокешен құрылысын «Ақжол» ЖШС (Түркістан қаласы) салуда. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2017 жыл. 2016 жылғы қаржыландыру – 800 млн.теңге, 2017 жылға қаржыландыру – 350 млн.теңге, жергілікті тұрғындардан 5 адам жұмыс істейді. Кешен құрамына жылы бокс, қойма, жанар-жағармай құю стансасы, қонақ үй, жүз адамдық асхана, көлік жөндеу стансасы және әкімшілік ғимарат кіреді.

Жолды - пайдалану пунктінің құрылысын «АЙЗАТ-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-сі (Шығыс Қазақстан облысы) жүргізуде. Құрылысқа 40 адам тартылған, оның ішінде 7 адам жергілікті тұрғындар. 2016 жылға қаржыландыру 569 млн.теңге, 2017 жылға қаржыландыру 230 млн.теңгені құрайды. Кешен құрамына: жылы бокс, қойма, жанар-жағармай құю стансасы, сорғы және әкімшілік ғимараттар кіреді. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2017 жыл

Жаңа кешендер ашылғаннан кейін 90 жаңа жұмыс орны пайда  болады.

Қазіргі уақытта кәсіпорын жол салушы мердігерлерге өнімдер жеткізеді.

 «Alef Trade» ЖШС тапсырыс беруші болып табылатын, сиымдылығы 1200 тонна мұнай базасын қайта жаңарту басталды. Бұл нысан бойынша инвестиция 1,8 млрд. теңгені ($ 5 500 000) құрайды. Қазіргі уақытта жер жұмыстары жүргізілуде, құрал – жабдықтар жеткізілді. Жұмыскерлер саны – 6 адам.  Нефтебаза іске қосылғаннан кейін 20 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Қоғамдық қауіпсіздік.

Полиция бөлімінің қызметкерлерінің саны 15 адамды құрайды. 2016 жылдың 12 айында Шідерті поселкесінде 56 қылмыс жасалды, оның ішінде 31 ашылды,  25 ашлыған жоқ. Қылмыстың ашылуы 55,3 %  құрайды.