Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 6 ХАБАРЛАМАСЫ

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

2013 жылғы 19 шілдедегі

№ 6 ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидасы 3-бабының 20-тармағы негізінде

Екібастұз ауылдық округінің әкіміне кандидаттар болып тіркелді:

Ахметов Мұрат Тұмарбекұлы, 1956 жылы туған, жеке кәсіпкер, Екібастұз ауылдық округінің Төртүй ауылында тұрады

Ибраев Болат Қабдылуахитұлы, 1980 жылы туған, «Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Өлеңті ауылдық округінің Тай ауылында тұрады

Кұспеков Марат Қайыржанұлы, 1963 жылы туған, Екібастұз ауылдық округінің Мыңтомар ауылында «Айбек» фермер шаруашылығының басшысы, Екібастұз қаласында тұрады

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы