Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы ТЕЗИСТЕРІ

Құрметті ауыл тұрғындары! 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі тұрақты дамуының – ең негізгі тұстарын айқындап берді. Өркендеудің жаңа бағытын нұсқап, межелі мақсаттарды іске асыруға шақырды.

Ең алдымен адам капиталы мен әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін, сол арқылы тұтас халықтың берекелі өмірін көздейтін бағыттарды басым етті.

Яғни, жергілікті биліктің алдында өңірлерді дамыту үшін аса зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр.

Екібастұз ауылдық округінің жалпы жер көлемі 268,7 мың шаршы шақырым, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жер көлемі 206,62 мың. гектар, егістік жер көлемі 687 гектар.

Ауылдық округінің құрамына: Төртүй, Ақши, Мыңтомар, Қаражар, Тай, Талдықамыс, Көксиыр ауылдары кіреді.

 Жалпы тұрғындар саны округ бойынша - 1150 адам: Төртүй ауылында -454 адам, жер көлемі 113,24 шаршы шақырым, Ақши ауылында - 52 адам, жер көлемі 34,76 шаршы шақырым, Мыңтомар ауылында - 122 адам, жер көлемі 34,55 шаршы шақырым, Қаражар ауылында - 60 адам, жер көлемі  32,33 шаршы шақырым, Тай ауылында – 346 адам, жер көлемі 29,2 шаршы шақырым, Көксиыр ауылында – 64 адам, жер көлемі 9,3 шаршы шақырым, Талдықамыс ауылында – 52 адам, жер көлемі 8,7 шаршы шақырым.

 Ауылдық округте 47 ауылшаруашылық құрылымдар жұмыс істейді, оның ішінде шаруа қожалықтар - 47.

Ауылдық округте барлық шаруашылық бойынша ірі қара мал саны - 5550 бас, қой мен ешкі - 9405 бас, жылқы - 2338 бас, түйелер – 12, шошқалар-10 бас, құстар саны - 1067. Барлық мал түрлерінің өсуі байқалады.

2016 жылдың желтоқсан айына дейін әкім аппаратына 4 азаматтан өтініш қабылданды жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде 4 жазбаша, барлық 4 –өтініш жер учаскесін сұрау туралы. Ауылдық округ әкімінің атына тұрғындардан түскен барлық өтініштер мерзімінде қаралды.

Ауыл әкімінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы кесте бойынша Төртүй ауылында әр аптаның сәрсенбі, бейсенбі және Тай ауылында жұма күндері 15:00 – 17:00 сағаттар аралығында жүргізіледі.

Төртүй ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда бір жоғарғы білімді дәрігер және төрт орта арнаулы білімді медбике жұмыс істейді.                               Тай ауылындағы медпунктте екі орта арнаулы білімді медбике жұмыс істейді.

Ауылдық округте екі орта, екі бастауыш мектептер бар, барлық оқушылар саны 146, білім беру саласында орта мектепте - 44 ұстаз, бастауыш мектептерде - 5 ұстаз жұмыс істейді.

     Жалпы орта білім беретін мектептің жанындағы, жылы орын, жайлы төсекпен жабдықталған бюджеттік интернатта 26 оқушы білім алуда. Балаларға төрт мезгіл ыстық тамақ беріледі. Осы аталған мектептерде бүлдіршіндерге арналған шағын орталықта 35 бүлдіршін тәлім алуда. Олар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектеп жаңа заманауи технологиямен, интерактивті тақтамен және жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған.

Ауылдық клубтар, пошта және кітапханалар жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. 2016 жылыжаңа нақыштағы ұлттық киімдер тігілді (8 – әйелдер көйлегі, 2 – ерлердікі). Клуб ұжымы 2016 жылғы 1 наурыз күні Павлодар қаласында «Кимешек көрмесі» атты мерекеге қатысты. Екібастұз ауылдық округі бойынша кітапханаларда кітап қоры 11784 дана құрайды, оқырмандар саны 558 адам.

Округ бойынша жеті ауылдық елді - мекеннің көшелерінде 94 жарық шамдары жұмыс істеп тұр: Төртүй ауылында - 36, Ақши - 4, Мыңтомар - 6, Қаражар - 4, Шилықұдық – 2, Тай – 29, Талдықамыс – 4, Көксиыр – 6, Жартас – 3.

Мал басын жұқпалы аурудан аман сақтау мақсатында, жыл бойы ветеринарлық профилактикалық жұмыстар өз мерзімінде өткізіліп тұрады.

«Алексей» шаруа қожалық басшысы Гриценко Алексей, «Нұрлан» шаруа қожалық басшысы Обаев Нұрлан, «Ербол» шаруа қожалық басшысы Утебеков Эдил шаруашылығын дамытуға 3,0 млн.теңгеден несие алды. «Ауыл» шаруа қожалық басшысы Сарсекеев Каиржан шаруашылығын ұлғайту үшін 10,5 млн.теңге несие алды. «Дархан», «Газис», «Айбек» шаруашылық қожалықтары субсидиялау арқылы МТЗ-82 тракторын сатып алды. «Достық» және «Серік» шаруа қожалықтары субсидиялау арқылы шалғы алды. «Тұрсын» шаруа қожалығы субсидия арқылы «Урал» жүк көлігін алды.

Көкөніс өсіру шаруашылығында «Аби» шаруа қожалық басшысы Елемесов Сағадат 6 га жерге картоп егіп, 14 тонна өнім алды. «Айтжанов» ЖК- 4 га жерге картоп отырғызып, 9 тонна өнім жинады.

Мемлекеттік атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсету болып табылады. Екібастұз ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары ауыл азаматтарынан құралған ерікті сарбаздарда түнгі уақытта көшелерде патрульдейді.

 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша:

Бірінші бағыты бойынша:

Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округін даму жоспары бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар:

Екібастұз ауылдық округі бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017–2018 жылдарға арналған инвестициялық жоба жоспарлары:

1. Тай-Көксиыр автокөлік жолын жөндеу, (ұзындығы - 13 км ) – 17,5 млн.теңге;

2. Қаражар ауылы автожолында су өткізу құбырын орнату – 3,2 млн.теңге;

3. Екібастұз ЖОББМ асханасын жөндеу – 8,4 млн.теңге;

4. Ветеринарлық пункт құрылысы – 16,5 млн.теңге;

5. Ауылішілік жолдарды жөндеу – 8,0 млн.теңге.

  1. Екібастұз орта мектебінің әйнектерін алмастыру бойынша күрделі жөндеу – 10,1 млн.теңге;
  2. Өрт сөндіру посттарын құру – 5,0 млн.теңге;
  3. Учаскелік полиция пункттерін жабдықтау және жөндеу – 1,0 млн.теңге;
  4. Ауылдың кіреберіс, шығу орындарына учаскелік инспектор кабинетінен бақылайтын бейнекамералар орнату – 200,0 мың теңге.

Алдағы уақытта «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасымен қойылған міндеттерді іске асыру тұр, стратегияның негізгі мақсаты - біздің азаматтарымыздың әлеуметтік қауіпсіздігі мен амандығы болып табылады.

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!