Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Солнечный поселкесі әкімінің «2016 жыл бойынша кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің тезистері

Солнечный кентінің 2016 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуының динамикасы әлеуметтік тұрақтылықты, тұрғындардың ауқаттылығының өсуін көрсетіп отыр, ол  жергілікті басқару өкіметімен «100 нақты қадам» ұлт Жоспарын іске асыру және мемлекеттік және аймақтық  бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндік береді.

     Салық салынатын базаны арттыру бойынша және бюджетке қосымша түсімдерді табу жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде – осы барлық жұмыстың тиімділігі кент және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында көрінеді.

     ЖӨБ ҚБШ түсімдері 6 салық түрлерінен қалыптасады (жеке тұлғалардан мүлік салығы, кенттің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлемдерінен салық салынбайтын кірістер бойынша дербес кіріс салығы, жеке және заңды тұлғалардан жер салығы, жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдары иелерінің салығы).

     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 ж. 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 3б., 2т. сәйкес ауыл, кент, ауылдық округтің әкімдері қосымша төрт кіріс көздері бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыруға құқылы: ерікті алымдардан, жарнамадан, мүліктік жалдаудан, әкімшілік айыппұлдардан.

     2016ж.01.01–2017ж.01.01 кезеңінде ЖӨБ қолма-қол бақылау шотына 11 835 908,6 тенге ақшалай қаражаттар түсті.  Кенттің абаттандырылуына 6 521 022,0  тенге жұмсалды: ағаштарды кесуге және бұталарды пішіндеуге, жасыл көшеттерге күтім жасауға, саябақтың аббаттандырылуына, рұқсат етілмеген қоқыс орнын жоюға, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға, кіреберіс құрылысына ЖБҚ әзірлеу.

Бюджет түсімдері мен шығындары.

      Есептік кезеңде Солнечный кенті елді  мекеннің Конституция даңғылы бойынша автожолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сомасы 12384,5 мың тенге.

     Кентті жарықтандыру бойынша жұмыстар орындалды:  дала жарықтандыру қызметі - 679,0 мың.тенге; ішкіорамдағы жарықтандыру қызметі– 410,0; Абай алаңындағы жарықтандыру қызметі– 145,6; дала және ішкіорамда э/жарықтандыру пайдаланды - 158,9 тыс киловатт, сомасы 3456,1 мың тенге.

     43 кабельді және әуә электр желілерінің жерқұрылыс жобаларын дайындау бойынша қызметтер орындалды, сомасы 621,4 мың тенге.

     Трансформаторлық подстанциялардың жер учаскелеріне электр желілерін сәйкестендіру құжаттары әзірленді, барлығы 91 нысан, сомасы 1095,7 мың тенге, жоғарыда айтылған нысандардың техниқалық құжаттарына, сомасы 1109,3  мың тенге, осы жер учаскелердің меншік құқығын рәсімдеу үшін бюджетке 96,6 мың тенге төленді. Сонымен қатар, қаржы бөлімінің теңгеріміне тапсырылған нысандары бойынша меншік құқықтары рәсімделді: өндірістік база және ішкі орамдағы жолдар мен жаяу жолдар, жеке меншіктегі жолдар (барлығы 19 нысан), сомасы  456,0  мың тенге.      

     2013-2020 жж. «Агробизнес -2020» ҚР агроөнеркәсіптік комплексті дамыту бағдарламасы бойынша 2016 жылы екі ауылшаруашылық қожалығы мал шаруашылығын дамытуға, ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және тұқымды жақсарту жұмысын жүргізу үшін  қаржы алды. ( «Мади» а/ш, «Жаксыберген а/ш),  2015 жылы  екі ауылшаруашылық қожалықтары.

     «Құлан» бағдарламасы бойынша 2016 жылы «Мирас» ауылшаруашылық қожалық басшысымен жылқыларды сатып алу үшін несие алуға құжаттар тапсырды.

       2017ж.01.01 ірі қара малдың басы -  829 басты құрайды, ҰҚМ-  703 бас, жылқылар –1150 бас, шошқалар –61 бас и құстар – 238 дана.

       «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» 2016 жылда бірінші бағдарлама бойынша «Инфрақұрылымды және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» «Еңбек Павлодар» РМК «Еңбек» ТМ ҚЖОК ҚР ІІМ филиалымен «Мақпал» МҮ (жартылай жұмыс істемеген ғимарат) ғимаратында күрделі жөндеу жүргізілді, сомасы3562,4 мың тенге, сонымен қатар Солнечный кентінде саябақты абаттандыру (қоршау қондырғылары) бойынша жұмыстар орындалды, бюджеттік қаражат есебінен, сомасы 8055,0 мың тенге, жергілікті өзін-өзі басқару қаражат есебінен (қоршау қондырғылары) сомасы 2960,4 мың тенге.  3 адам жұмысқа орналастырылды.

     ІІ бағдарламасы бойынша «Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және тірек ауылдарды дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру» 2 адам өз ісін ашуға шағын несие алды, жалпы сомасы  3,9 млн. тенге.

     Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету » «Мемлекеттік гранттарды беру» механизмі бойынша жеке кәсіпкер Дастан Боранбаев «Солнечный кентінде ашытқысыз мәрмәр және бородин нанын өндіру цехын ашу» жобасы бойынша грант ұтып алды, соммасы 3,0 млн тенге. «№ 1 грантты беру туралы» 2016 жылдың 26 маусымында «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы » ММ және «ҚР «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаржы агенттігімен шарт жасалды. Шартты орындау мерзімі – 2017 жыл 15 наурыз.

       Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.

     Солнечный кентінің аумағында 2 жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 764 оқушы білім алады, мектептер интернет желісіне қосылған.

      № 28 ЖОМ 390 оқушы білім алады, мектеп 100% мамандармен қамтылған, 38 мұғалім жұмыс істейді. 

8 интерактивті тақта бар, 3 кабинет жаңа модификацияда (химия, биология, физика).  

     № 16 ЖОМ 366 оқушы білім алады, мектеп 100% мамандармен қамтылған, 36 мұғалім жұмыс істейді. 

      2014 жылдың қыркүйегінен № 16 ЖОМ 3 сынып мемлекеттік тілді оқытылады.

     Мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтамасыз ету «Балапан» 2011 -2020жж. бағдарламасы.

     Кентте мектепке дейінгі тәрбие және оқумен № 17 «Жидек» бөбектер бақшасы» КМҚК  қамтамасыз етеді. Балалар саны 304 құрайды, барлығы 12 топ (қаз.8, орыс.4).  мектепке дейінгі тәрбие және оқумен 2 жастан  6 жасқа дейінгі балалар 100%  қамтылған.

     2016 жыл бойы мектепке дейінгі ұйымға 146 бала жолданды.

ҚР денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы «Саламатты Қазақстан».

    Кентіміздің емдеу-профилактикалық мекемесінің желі, дәрігерлік амбулаториямен көрсетілген, онда 5 дәрігер, 20 мед.қызметкерлері және                10 орынға арналған күндізгі стационар жұмыс жасайды.  Флюрографиялық кабинет бар, клиникалық зерттеу бойынша зертхана жұмыс жасайды, физиокабинет, дәрігерлік пункт (ЖК Богданова).  Жедел көмек пункті бар (штатта 4 фельдшер,4 жүргізуші).

        Денсаулық сақтау жүйесі алдында қойылған мақсаттарды табысты жүзеге асырылуы кадрлық потенциал болып табылады. Өткен жылда дәрігерлер қатарын 1 жас маман толықтырды, ол дәрігерлік кадрлардың жоқтығын азайтуға жол берді. Солнечный кентінің аумағында  2016 жылы 84 жаңа туған бала тіркелді, қайтыс болғандар -50 адам.

Тұрғын үй қоры

     Кент тұрғындарын тұрғын-үймен қамтамасыз етуде, «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппаратын» ММ, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ АК және АЖ» ММ бірге мемлекеттік тұғын үй қорынан пәтер алуға есепке тұрғындарға тұрғын үй бөлу жұмыстары жүргізілуде, 2016 жылы – 23 азамат үй алды (2015ж.-58 адам.)

Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

     Есептік кезеңде қоғамдық жұмыстарға 30 жұмыссыз қатысты, 1 адам қайта даярлауға жіберілді. 6 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды. Ағымдағы бос орындарға жұмыспен қамту бөлімі арқылы 15 адамға жұмысқа орналасуға қолдау көрсетілді, қылмыстық атқару инспекциясы қызметінде есепте тұрған 2 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

       Азқамтылған отбасыларға қалалық бюджеттен келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді.

- мемлекеттік балалар жәрдемақасы, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларын-13 жанұяға (оның ішіндле 33 бала) сомасы 290,8 мыңтенге ( 2015 жылы 4 жанұяға (оның ішінде 9 бала) на сомасы 141,6 мың тенге, МБЖ 3,2 % жоғарларды.

       Екібастұз қаласы әкімінің қолдауымен, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қалалық шараларды өткізу шеңберінде, Солнечный кентінің 30 жылдығын өткізілді: Абай алаңында халық сайраны ұйымдастырылды, Екібастұз аймағының кент, ауыл және ауылдық округ әкімдірінің және ГРЭС-2 киіз үй құруымен кішігірім этноауыл, Павлодар облысы ақындарының айтысы, облыстық филармония әртістерінің қатысуымен концерт. Кентте бірінші рет Екібастұз аймағының ауылдық округтері арасында олимпиадалық, ұлттық спорт түрлерінен, ауыспалы кубокпен және 2 миллион тенге ұтыс қорымен қалалық спратакиада өтті. Қалалық мәслихат депутаты М.К. Алгамбаровтың демеушілік қолдауымен Абай алаңында сахнаны жөндеу жүргізілді және А. Кунанбаев ескерткішінің постаменті жөнделді.

       Әкімнің ағымдағы жылға әрекеттер және таяудағы перспектива бағдарламасы.

      Жергілікті қоғам жиналысының хаттамасы негізінде кіреберіс қондырғысын құру үшін ЖСҚ мемлекеттік сараптау қорытындысына, адамдар жүретін көпшілік орындарда видео бақылау камераларын орнатуға (Абай алаңы, Жеңіс саябағы және басқа), балалар ойын алаңдарын орнатуға шығыстар жоспарланып отыр.

      2017 жылға мақсаттар: жергілікті қоғам жұмысының тиімділігін арттыру, шағын және орташа бизнесті және өз ісін ұйымдастыруда тұрғындардың іскерлік белсенділігін қолдау, салық салынатын базаны арттыру бойынша және бюджетке қосымша түсімдерді табуға қолданған шаралар нәтижелілігін жоғарлату, тұрақты түрде тиісті санитарлық жағдайды және кентті абаттандыруды   ұстау.