Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сарықамыс ауылдық округінің әкімі М.Сейсембаевтың тұрғындар алдында беретін есебінің тезисі

Әкімшілік-аумақтық бірлік: Сарықамыс ауылдық округінің құрамына Сарықамыс және Қуандық  ауылдары кіреді. Округтің жалпы жер көлемі 45,10 шаршы шақырым.  Барлық 91 аулада (Сарықамыста 73 аула, 327 адам, Қуандықта 18 аула, 93 адам)  тұрғындар саны 420 адам, оның ішінде еңбекке жарамдылар 208, тұрақты жұмыс істейтіндер 120, жеке отбасылық мал шаруашылығында өзін-өзі жұмыспен қамтитындар 83, зейнеткерлер 40, барлық топтағы мүгедектер 16, мектеп жасына дейінгі балалар 42, оқушылар 67 адамды құрайды.

            Ауыл  шаруашылығы: Сарықамыс ауылдық округі  2017 жылғы 1 қаңтарға  1746 ірі қара мал, оның ішінде 906 сауынды сиырлар, 1333 бас қой мен ешкі, 276 жылқы, 346 үй құстарымен қыстаққа кіріп отыр, бұл 5% ұлғайғандығын көрсетеді.  Ауылдық округте  2 шаруа қожалық, 4 фермерлік шаруашылық, 10 жеке кәсіпкер жұмыс жасап жатыр. Қыстаққа 4960 тонна  шөп дайындалып, тасымалданды. 150 бас ірі қара, 75 бас ұсақ мал еті сатылып, 1200 центнер сүт өнімдері өндірілді. Ауылда 2 шағын азық-түлік дүкені  халыққа қызмет көрсетуде.

            Білім беру және әлеуметтік салалар:  Сарықамыс ЖОББ  мектепте 67 оқушы білім алуда, 21 мұғалім жұмыс істейді. Қуандық аулынан 13 оқушы автобуспен тасымалданып оқиды. Орта мектеп жанындағы шағын орталықта 17 бүлдіршін тәрбиеленіп, онда 3 тәрбиеші жұмыс істейді. Мектептің бірінші қабаттындағы терезелер есіктері жаңадан ауыстырылды және жылу қазандығының от жағу пеші жаңартылды.            

            Ауылда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар жоқ.  Жұмыссыз ретінде  6 адам тіркеуде тұр, олардың екеуі қоғамдық жұмысқа тартылған. Жыл бойында шаруа қожалықтарында тұрақты 10 жұмыс орны, мал бағуға, шөп дайындау науқанына уақытша 10 жұмыс орындары ашылды.

            Ауыл орталығындағы Жеңіс саябағында ҰОС-на қатысқан ардагерлерге арнап мемориалдық тақтаның үстіне рельефті Жеіңімпаз жауынгердің мүсіні қойылды. Ауылдың орталығында Шағын-футбол алаңы орналастырылды. Зиратқа баратын жол жөндеуден өтіп, дренажды құбыр салынды. Солнечный-Сарыкамыс тас жолына ақпарттық стелла қойылды. Жергілікті қауымдастық шотынан кіреберіс арканы орнату үшін 210 мың. теңгеге сметалық жоба дайындалды. Таза су босататын  КБМ қондырғысы тұрақты жұмыс істеп тұр. Жаңадан алынған су тасу көлігімен Қуандық аулына таза ауыз су жеткізіледі.

            Ауыл клубында әр түрлі тақырыптарда мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. «Наурыз мейрамы», Астана күніне орай «Қымызмұрындық» ұйымдастырылды. Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына Тәуелсіздігіміздің құрдастарына марапаттау қағаздары мен естелік сыйлықтары берілді  және мерекелік шара от шашумен аяқталды. Жаңа жылдық «Көгілдір алау» атты мерекелік іс шараға 50-ден асқандарға ұйымдастырылды.

Ауылда фельдшерлік пункт, почта бөлімшесі, ауыл кітапханасы халыққа қызмет көрсетеді. Телефон байланысы, телерадио, электр энергиясымен жабдықтау жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұр.  Әлеуметтік нысандар қысқы жылыту маусымына толық дайындалып, көмір отынымен қамтамасыз етілген.

Шағын бизнестің дамуы: Ауыл шаруашылығында жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын бизнесті дамыту бағдарламаларына сәйкес   «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен жалпы сомасы  7,5 млн.теңгеге шағын несие алып, ірі қара малдар сатып алды.

            Алға қойылған мақсат-міндеттер: Әкім аппараты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы  жол - болашаққа  бастар жол» жолдауын және ««Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған  100 нақты қадам» ұлт жоспарын  басшылыққа ала отырып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету, ауылда шағын, орта бизнесті  дамытуды барынша қолдау,тауылды абаттандыру, ауылшаруашылығын онан әрі өркендету, мал басын өсіру, ауылдағы санитарлық  тазалық пен тәртіпті қадағалау, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты  қамтамасыз ету шараларын күнделікті жүзеге асыратын болады. 2017 жылғы жоспарлар:

-          Шағын-футбол алаңын ашу,

-          ҚБШ қаражатынан жолды тегістеу,

-          Иесіз құрылыстардан тазарту,

-          Кіреберіс арканы орналастыру,

-          ҚБШ қаражатынана клуб және ФП қоршауларын орналастыру,

-          Хокейлік корт орнату,

-          2 пәтерлі тұрғын үй салу,

-          Сүт өнімін өндіру кооперативін құру.