Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Академик Әлкей Марғұлан атындағы село әкімі М.С. Какожановтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде сөз сөйлейтін ТЕЗИСІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік.  Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл Екібастұз өнірінің онтүстік -батыс бағытында орналасқан. Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарының 8 ауылдық округімен шекаралас. Халық саны 510 адам.

Ауылшаруашылық. Ауылда ауылшаруашылық бағытында 21 заңды тұлға тіркелген (соның ішінде өткен жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ЖШС) өзгертілген Көктөбе ШҚ). Егістік жер 2350 га құрады, соның ішінде 1860 га бидай, 490 га арпа.

2017 жылға жоспарланған егістік жерлер 3250 га құрайды. 2016 жылмен салыстырғанда егістік жерлер 900 гектарға артады. 2017 жылға 1000 гектар сүрі жерлер өнделді.

Мал басының жалпы саны 4727 бас, оның ішінде: ІҚМ-2670, КҚМ-1686, шошқа-11 және жылқылар -360 бас.

 «Талан» шаруа қожалығымен 4 тұрғын үй және 500 бас ІҚМ ұстауға келетін 2  малшаруашылық базасы қалпына келтірілді, қажетті ауылшаруашылық техникасы сатып алынды. Сүтті сиырлар табының құру үшін ірі қара мал сатып алу жоспарланған. Қазіргі уақытта ІҚМ саны 357 бас.

«Көктөбе» шаруа қожалығы кеңейтілген бордақылау базасы бар асыл тұқымды шаруашылықты құру жобасы жалғастыруда.

Қазіргі уақытта қазақи ақ бас тұқымды ірі қара малдың саны 987 басты құрайды. 4 малшаруашылық базасы, мал шаруашылық үйі, астық қоймасы, таразы қалпына келтіріліп, қажетті ауылшаруашылық техникасы сатып алынды. Мал шаруашылық комплекстін құрылысының аяқталуы 2018 жылға жоспарланған.

Ауылда мал дәрігері жұмыс істейді, бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде профилактикалық ветеринарлық іс-шаралар жүргізеді.

Өнеркәсіп. 2016 жылы «Аяқ-Қоджан» мыс кен орнындағы мыс өндіру зауытында  («Eurasia Соpper Operating» ЖШС) 1235 тонна катодты мыс өндірілді. Жалпы  жұмыс персоналының саны 155 адам.

Білім.  Ауылда мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін жалпы орта мектебі жұмыс істейді, онда 29 мұғалім жұмыс істейді, 2016-2017 оқу жылына оқушы саны 100 баланы құрады. Шағын орталықта– 20 балалар, 2 тәрбиешілер бар. 2016 жыл бойынша ҰБТ орташа көрсеткіш саны 90 балл. "Жұмыспен қамту Жол картасы-2020" бағдарлама бойынша есік блоктарының ауыстыру жұмыстар жүргізілді.

Демеушілік көмек есебінен "Eurazia Copper Operating" ЖШС мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиеленушілерін және  бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге ақшалай қаражат бөлінеді.

Денсаулық сақтау.  Денсаулық сақтау саласымен ұсынылған медициналық пункті бар. Медицина қызметкерлері жыл сайын, жоспарланған профилактикалық медициналық тексеріп-қарау мен қажетті іс-шаралар жүргізеді, дәріхана пункті жұмыс істейді. Жыл сайын "ФлюКар" келеді.

         Мәдениет. Ауылдық клуб 60 орынға есептелген. Әзірленген жоспарларға сәйкес іс-шаралар өткізіледі. Барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелер уақытында жүргізіледі.

Кітапханалар саны – 2, мектеп және ауылдық, кітап қоры - 8700 дана.

Спорт. Мектеп спорт залында ауыл тұрғындары үшін кешкі уақытта спорттық секциялар ашылды. Спортшылар қалалық жарыстарға, сондай-ақ ауылдық округтер арасындағы жарыстарға үнемі қатысады.

Ауданы 800 м2 шағын футбол алаңының құрылысы жүргізілуде. Аяқтау мерзімі-2017 жылғы  II тоқсан.

"Көктөбе" ШҚ" ЖШС, "Бухаев" ШҚ және "Буламбаев" ЖК демеушілер қаражаты есебінен ауылда ауданы 500 м2 хоккей корты салынды. Балалар ойын алаңы бар.

Қызмет көрсету саласында - "Қазпочта" АҚ филиалы жұмыс істейді. Бұнда зейнетақы, жәрдемақы беруді және мерзімді басылымдарды жеткізілуі жүзеге асырылады. Цифрлық автоматты телефон станциясы (сыйымдылығы - 140 нөмір, телефон нөмірлердің саны - 128) жұмыс істейді, "Beeline" ұялы байланысы бар. 43% "ОТАУ ТВ" ұлттық спутниктік теледидармен  қамтамасыз етілген, барлық абоненттер "Казсат-3"отандық жер серігіне қайта реттелді. 5 дүкен жұмыс істейді.

Су жүйелері. Су ұңғымадан алынып, ұзындығы 5,3 шақырым қашықтықты су құбыры желілерімен беріледі. Су құбырының дезинфекциялау және жууы жүргізілді. Өткен жылдың маусым айында жер асты су қорларын растау үшін "Павлодаргидрогеология" ЖШС мердігерлік ұйымымен тереңдігі 50 метр 5 ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар жүргізілді, зерттеу нәтижелері 2017 жылдың IV тоқсанына беріледі. Қалалық бюджет қаражаты есебінен су құбырының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 157 метр су құбыры ауыстырылды.

"Өңірлерді Дамыту" бағдарламасы шеңберінде көше жарығының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 12 энергия үнемдейтін көше шамдары орнатылды.

Әлеуметтік сала. Жұмысқа жарамды тұрғындар 200  адам, 170 адам тұрақты негізде жұмыс істесе, 30  адам өзін - өзі жұмыспен қамтып отыр.

Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде  есепте тұрғандар саны 4 адам. Жалпы 2016 жылы 19 адам тұрақты, 15 адам уақытша жұмысқа орналастырылды.

          2016 жылы әкім аппаратына жалпы 35 жеке тұлғалардан  өтініш келіп түсті, заңнамамен белгіленген мерзім ішінде барлығы түсіндіріліп, қызметтер көрсетілді. 292 мемлекеттік және 29 нотариалдық қызмет көрсетілді.

2016 жылы тірек ауылды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына түзетулер жүргізілген, ол экономикалық қызметті дамытуды, иженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейтуді, өткізу нарықтарына дейін және елді-мекендерге дейін көліктік қолжетімділікті, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарының құру мен дамытуды, жаңа жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамтамасыз ету көздейтін шараларды іске асыруға бағытталған.

ККД 5 бағытты көздейді, жалпы сомасы 658 653,0 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен 274 674 мың теңге; облыстық бюджеттен – 16 500,0 мың теңге; қалалық бюджеттен – 24 229,0 мың теңге; меншікті қаражаттан – 343 250,0 мың теңге. 69 жаңа жұмыс орны ашылады.

Бірінші бағыт қаржыландыруды талап етпейтін 9 ұйымдастырушылық іс-шараларды қамтитын  жобаларды көздейді;

Екінші бағыт Экономикалық қызметті дамыту. 381 350,0 мың теңгені құрайтын, 52 жаңа жұмыс орны ашылатын, 14 жоба қарастырылу көзделген.

Үшінші бағыт. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту.

9 жаңа жұмыс орны ашылуымен, сомасы 231 309,0 мың теңгені құрайтын,  7 іс-шаралар қарастырылған.

Төртінші бағыт. Өткізу және жабдықтау нарықтарына көліктік қолжетімділікті дамыту.

Сомасы 8 094,0 мың теңгені құрайтын, 2 жаңа жұмыс орны ашылатын, 1 жоба қарастырылған.

Бесінші бағыт. Мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құру және дамыту.

Сомасы 37 900,0 мың теңгені құрайтын, 6 жаңа жұмыс орны ашылатын, 9 іс-шаралар қарастырылған.