Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қоянды ауылдық округі әкімінің тезисі

Қоянды ауылдық округі жалпы саны 774 адам. Павлодар қаласы облыстық орталыққа дейін арақашықтық 175ш, Екібастұз қаласы-25ш. Жалпы көлемі 9,9 га.

Қоянды және Құрылысшы ауылында 117 жеріне құрылыс схемасы бекітілген. Беру есебінен учаскелерін жеке тұрғын үй салу арқылы халықтың санын ұлғайтуы болжанып отыр.

Үш үй салынды, оның ішінде отбасы тұрып жатыр,тағы да екі үй аяқталу сатысында, екі үйдің іргетасы қаланды.

Ауылдық округінде ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны - 31, оның ішінде ЖШС-3, ШҚ-12, ЖК-17. Шаруа қожалықтары аумағының мал азығы жеткілікті мөлшерде.

Биылғы жылы жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін «ЖҚЖ-2020» жұмыспен қамту  бағдарламасы бойынша несие үш жеке тұлға алды: ЖК «Сулейменова» (Сулейменова А) - 120 бас қой алды. ЖК «Тауекел»(Мурзалинова А)-16 бас қара мал, ЖК «Тайва» (Бакеева А)- 16 бас қара мал алды.

 Аумағында орналасқан үш дүкен бар. Олармен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша меморандумға қол қойылды. Кәсіпкерлігін дамыту үшін  ЖК "Наурызбаева" (Д.Науразбаева) несие алды.

Қоянды ауылында ЖОМ №14 жұмыс істейді, Құрылысшы ауылында бастауыш мектебі бар. Орта білім беру мектебінде  105 оқиды. Мектептін ішінде 20 балаға шағын орталық балабақша жұмыс істейді. Құрылысшыдан  қалаға балаларды тасымалдау шаралары ұйымдастырылған.

Қоянды және Теміртас ауыл тұрғындарына №2 емханасында қызмет көрсетіледі, Құрылысшы тұрғындары Екібастұз қаласының №3 емханасына қарайды. Ауылдық медицина пунктінде екі медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Ауылдық клуб №14 ЖОМ ішінде орналасқан. Бекітілген жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіледі. «Кәусар» әжелер ансамблі белсене қатысқан ғана емес ауылдық және қалалық мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысады.

Теміртас ауылында 2016 жылы бір шам орнатылған, Қоянды ауылында 5 шам, Қоянды ауылында ағаштар отырғызылды, Құрылысшы ауылының электр желілері бойынша құжаттары сәйкестендірілді, санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. халықпен бюджетті салық салу толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Төрт адам қоғамдық жұмыстарда елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыс істейді, атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кәсіпкерлер демеушілік көмек көрсетеді.

Моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған биліктің атқарушы органдары қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып іс-шаралар жүргізілді, ауылдық округінің азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға іс-шаралар жүргізілді, мемлекеттік және ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

            Қоянды ауылдық округі дамыту міндеттері

Дамыту шеңберінде кәсіпкерлік жәрдем көрсететін мемлекеттік несиелендіру дамытуға және жеке мал шаруашылығына жаңа бизнесті ашуға көмектесу. Жер учаскелерін беру және жеке қосалқы шаруашылығы жүргізу. Ауылдық округ тұрғындарына қолдау көрсетуге, жәрдемдесуге, олардың әл-ауқатын жақсарту.