Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Теміржол ауылдық округі әкімінің Е.Е. Қасеналиннің 2017 жылдың 1 қаңтарына тұрғындар алдындағы есебінің ТЕЗИСІ

Теміржол ауылдық округінің аумағы 6388 га құрап екі елді мекен орналасқан – Құлакөл ауылы және №3 бөлімшесі.  Тұрғындар саны  614 адам. Құлакөл ауылында 470, №3 бөлімшеде 144 адам.  

         Әлеуметтік сала

2016 жылдың қаңтарынан бері 12 бала туды. Барлығы 13 мүгедек тіркелген. 2016 жылы қоғамдық жұмыста 4 адам тіркелген. Атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысын алатындар жоқ. Мүгедектер мен аз қамтылған отбасылар әлеуметтік көмірмен қамтамасыздандырылды.

          Ауыл аумағында «Қазпошта» бөлімі жұмыс істеп зейнетақы, өтемақы және баспа өнімдерін жеткізеді.

Округте «Отау ТВ» ұлттық жерсеріктік телеарнасына 45 үй қосылды. 

Теміржол ауылдық округінде  шағылтас  өндіретін 4 карьер бар: «Асфальтобетон», «Гедезия и картография ПВ», «Адина», «АТАЙ-Компани» ЖШС-і. Жеке кәсіпкерлер: «Сейсенбаев», «Сабалакова» саудамен айналасып тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде.

Денсаулық сақтау

Округ аумағында медицина пункті жұмыс істейді. Тұрғындарға медициналық қызметті Екібастұз қаласының №1 поликлиникасы көрсетеді. 2016 жылдың мамыр айында Екібастұз қаласынан келген дәргерлер тобы және 2 шілдеде округке «Саламатты Қазақстан» поезді келіп округ тұрғындарын медициналық байқаудан өткізді. Онкологиялық және өкпе аурумен ауыратындар анықталған жоқ.

 Білім беру         

Майқайың ЖОББ мектебінде 30 мұғалім қызмет етеді, оқушылардың саны – 104. Мектепте 20 балаға есептелген шағын орталық жұмыс істейді. №3 бөлімшенің 23 оқушысы тасылмадаумен қамтылған. 2016 жылдың қараша айында бюджеттен бөлінген 8 млн 800 мың теңгеге оқушыларды тасымалдау үшін шағын автобус сатып алынды.

Мәдениет.

Құлакөл ауылында 60 орынға арналған клуб жұмыс істейді. Мәдениет бөлімімен бекітілген жоспарға сәйкес шаралар өткізіледі. Әзіл-сатиралық, вокал және би үйірмелері  жұмыс  істейді. 2016 жылдың желтоқсан айында «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы» бағдарламасы бойынша 6 млн. 734 мың теңгеге Құлакөл ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Клубта 2016 жылдың желтоқсанын айында Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Сарыарқа Самалы» газеті редакциясының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырым» атты шығармашылық конкурсқа қатысушылардың марапаттауы өтті.

Ауылдық округте 1 кітапхана, ондағы кітаптың қоры- 5300 кітап, оның ішінде қазақ тіліндегісі – 1800. Оқырмандар саны -250 адамды құрайды.

 Спорт

Мектеп спортзалында кешкі уақытта ауыл жастарына арналған спорт секциялары жұмыс істейді: волейбол, баскетбол, үстел теннисі, сонымен қатар жаттығу құрылғыларының бөлмесі бар. 2016 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылына орай Зеленая Роща ауылында жастар арасында футбол турнирінде Теміржол ауылдық округінің командасы 1-і орынға ие болды. Денешынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту 2016 жылы 23% құрады.

Құлакөл ауылында үш балалар ойын алаңы бар: мектеп аумағында, Құлакөлі ауылының орталығында және үшіншіс №3 бөлімшеде 2016 жылдың мамыр айында ауыл тұрғындары мен ұжымдардың күшімен орнатылды. Маусым айында «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында 400 мың теңгеге Құлакөл ауылындағы балалар ойын алаңына қоршау орнатылды. Соңымен қатар екінші жартыжылдықта жергілікті өзін-өзі басқару шотынан 820 мың теңгеге далалық тренажерлер орнатылды. Қазан айында Республикалық қордан бөлінген 8,055 млн. теңге қаражатқа Құлакөл ауылына шағын футбол алаңы орнатылды.

Ауыл шаруашылығы

Теміржол ауылдық округінде 51 (33%) үй мал шаруашылығымен айналысады және төрт шаруа қожалығы: «Әділ» «Қабиден», «Адам ауылы» және «Ыдырыс» орналасқан. «Әділ» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы бойынша 8 млн. теңгеге 38 бас жылқы сатып алды.  Округ бойынша жалпы мал басы саны: ІҚМ – 550 бас, КҚМ -1097 бас, жылқы - 219 басты құрайды.

2016 жылдың науырызында Майқайың стансасының бастығы және Екібастұз іріленген теміржол бөлімі өкілдерінің қатысуымен теміржол бойында мал бағу ережесі, мал бағуға келісімді бекіту, ауылды көріктендіру сұрақтары қарастырылған ауыл тұрғындарының жиыны өтті.

Ауылдық округте ветеринариялық дәрігер жұмыс істеп, ветеринарлық алдын алу шаралары тұрақты өткізілуде. Округте ауыл шаруашылық жануарларының әр түрлі аурулары тіркелген жоқ.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2016 жылы ауылдық округте мал ұрлығының алдын алу мақсатында 4 жиын өткізілді. Округ бойынша 2016 жылында мал ұрлығы тіркелменген. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында құрамы 11 ауыл тұрғынынан тұратын «Сарбаз» ерікті халық жасағы құрылған.

Инфрақұрылым

Теміржол ауылдық округінің тұрғындарын Қалқаман кентінен теміржол арқылы тасымалданатын ауыз сумен «ҚТЖ»ҰК» АҚ қамтамасыз етуде. Қ.Сатпаев атындағы арнадан Қарасор мен Құлакөл ауылдарына су құбырын тарту жоспарланып, 2015 жылы жобалақ-сметалық құжаты дайындалған, қазіргі уақытта Мемлекеттік сараптамада.

Ауыл ішіндегі жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құлакөл ауылына кіреберіс жолы екі рет шағыл тас ұнтағымен тегістелді. 2016 жылдың сәуір-мамыр айларында Құлакөл ауылы мен №3 Бөлімшесінің кіреберіс жолдары құрғақ шөптер мен бұталардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жылыту кезеңіне Майқайын ЖОББ мектебі – 339 тонна, медициналық пункті – 22 тонна, ауылдық клубы – 40 тонна, ауыл кітапханасы 11 тонна көмірмен қамтамасыз етілді.