Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бесқауға ауылының әкімі Ж.Ибраевтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар алдында есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік.  Бесқауға ауылының  жалпы тұрғындар саны 470 адам.  Павлодар облысы орталығына дейін  арақашықтығы 180 шақырым, Екібастұз қаласына дейін-54 шақырымды құрайды.

Ауылшаруашылық.  Бесқауға ауылында 16 ауылшаруашылық құрылымы бар, оның ішінде ШҚ-11, ЖК-5.  Ал 2017 жылдың 01 қаңтарына  ірі қара мал саны  2616 (2016ж-2601 бас, +15) бас, қой-ешкі 2106 (2016ж-2046 бас, +50) бас,  жылқылар 395 (2016ж-395 бас,)  бас, құстар 425 (2016ж-417 бас,+8) бас. Қыстаққа дайындалған шөп 4960 тонна. 4724Га (2015ж-5267 Га) жуық жерге бидай, арпа, көпжылдық шөп егілді. «Болат», «Тилек», «Ахметов» ш/қ 10 бас қазақтың ақ бас асыл тұқымды бұқаларын сатып алды. Келер жылы 10 бас алу жоспарлануда.

Шағын кәсіпкерлік. Ауыл аумағында 3  қызмет ететін нысанды бірлік саласы бар: дүкен -2, дәріхана -1. ЖК-3.

Білім.  Жалпы орта білім беретін  мектеп жұмыс істейді, осы мектепте 54 оқушы (2015ж-59, -5) білім алады. Мектеп  Интернет жүйесіне қосылған. 1-6 сынып оқушылары ыстық тамақпен 100 % қамтылған. Жалпы тегін тамақтанумен 35 (66%) оқушы  қамтылған.  ҰБТ бойынша орташа ұпайы -51(2015ж-85, -34), оның ішінде 1 түлек  ЖОО –ға  әкім  грантымен оқуға түсті.  Шағын орталықта бала саны 25. Мектепке Жол картасы аясында жөндеу жүргізілді. Қазақ тілі, химия, тарих кабинеттеріне жиһаз алынды.

Денсаулық сақтау.  Ауылда дәрігерлік  қызмет көрсететін  медициналық пунктте 2 медқызметкер жұмыс істейді.  

Спорт және мәдениет. Клуб,  кітапхана жұмыс істеп тұр. Биыл шағын футбол алаңшасы салынды.

Ауыз су. КБМ  толық халықтың сұранысын қамтамасыз етіп тұр. КБМ – нің іші – сыртының тазалығын үнемі қалалық СЭС мамандыры қадағалап, тексеріп тұрады.

Бюджет.  Ауылдың ішкі жолдарын ұстау ауыл әкімі құзырында. 25 шақырым қашықтықтағы Әйтен ауылымен қатынас жолына жергілікті бюджеттен 733,0 мың теңге бөлінді. Осы жұмысты «Құрылыс» ЖШС-і атқарды. Көше шамдарына 100,0 мыңға құрал-жабдықтар алынды. «Ақбұлақ» бағдарламасы щеңберінде геологиялық зерттеу жұмыстарына сараптама жасалуда. Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша саябақ абаттандырылды. Ауылдың ішкі жолдарын күрделі жөндеуге проекті-сметалық құжат жасалды. Шекараға ақпараттық тақта орнатылды. Кіре беріс қақпа орнатуға шығын сметасы жасалды. Әкім балансындағы МТЗ тракторы сенімгерлік басқаруға берілді.

Әлеуметтік сала.  2017 жылдың 01   қаңтарына жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде  есепте тұрғандар саны 2 адам. Жыл басынан жаңадан 31 жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмысқа 4 адам орналастырылды,  уақытша жұмыс орнына - 27 адам. Ұлттық ОТАУ телеарнасын 61 үй (73пайыз) көруде. Әр үйге интернет қойғызуға мүмкіндік туды. Барлығы 27 үй интернетке қосылған. Оған қоса, «Қазақтелеком» Екібастұз филиалы тарапынан клубта қоғамдық қол жетімді инетрнет жұмыс істеп тұр. Интернет сапасын арттыру мақсатында Индустрия связи ЖШС-і баған орнату керек еді, алайда қаражат жоқтығынан бұл жұмыс жүзеге аспады.

«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы.  Әлеуметтік жұмыс орнына - 1 адам жіберілді. 1 түлегіміз оқуын жалғастыруда. Жөндеу жұмыстарына 7 адам тартылды. 4 адам несие алып, өз ісін ашты.

Демеушілер көмегі.  Мешітке көмірді «Турсын-ЕК» ЖШС-і, аз қамтылғандарға бөлінген көмірді «Адыгезалов» ЖК-і тегін жеткізіп берді. «Болат», «Тилек», «Ахметовтар» ш/қожалықтары қарттар күніне, жаңа жылға, азқамсыздандырылған отбасының балаларына қайырымдылық көмек қылды. «Болат», «Тилек», «Жанна», «Ахметовтар», «Аманжол», «Бейсеновтар» шаруа қожалықтарының басшыларының бастамасымен мектептің 1-6 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Биыл мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, ш/қ басшылары мектепке жол акциясына белсене қатысты. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қолдауымен ауылшаруашылық еңбеккерлері құрметтелді. Мектеп ауласына құйма тас төселіп (Тилек ш/қ) және Жеңіс алаңы қоршалды («Болат» ш/қ).

Тұрақты  қоғамдық-саяси жағдай.   Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық ұйымдармен бірге ауылдың  моральді психологиялық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамды-саяси, бұқаралық спорттық іс-шаралары өткізілді.

2017 жылға Бесқауға ауылын дамытуға алға қойылған міндеттер: Мемлекеттік әлеуметтік  бағдарламаларына қатысу және әр жылы 1 ш/қожалығын және жұмыс орындарын ашу. Ішкіауылдық жолдарын, көшелердің жарығын, ауылды абаттандыру бойынша жөндеу  жұмыстарын жалғастыру. Екібастұз қаласымен ара қатынас жолын күрделі жөндеуді бақылау. Ауыл саябағын абаттандыру.кіре беріске қақпа орнату. Хоккей кортын салу. Көше шағын тренажерларын және балалар ойын алаңшасын салу.