kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылы елді мекендерді дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы тезисі

Әкімшілік – аумақтық бірлік: Ақкөл ауылдық округі Екібастұз қаласының Солтүстік шығысында орналасқан. Жалпы жер көлемі 185323 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы  жер  көлемі 20620 гектар, егістік жер көлемі 9200 гектар.

Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща және Жақсат ауылдары кіреді. Аула саны - 219.  Жалпы тұрғындар саны  1066,  жұмысқа қабілетті адамдар - 642,   зейнеткерлер  94,  мүмкіншілігі шектелген жандар  27, 14  сәби дүниеге келсе, 11 адам қайтыс болды. Жұмыссыздар есебінде тіркелген 1 жұмыссыз тұрақты жұмыспен қамтылды. Округ көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар жоқ. Халықты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны - 4.  Ақылы қоғамдық жұмыспен 4 адам қамтамасыз етілді. Ауылдық округінде өртке қарсы қызмет пунктінің ашылауына байланысты, 4 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды.                        

Ауылшаруашылығы: Ауылдық округ бойынша  31 шаруа қожалығы  бар.    Шаруа қожалықтарының үлесіндегі жалпы жер көлемі - 23636 гектар.

Ауылдық округінде ірі қара мал  - 6181, сиыр - 3448,  қой мен ешкі - 5989, жылқы - 3842,  құс -1182.

Қыстық пішен дайындау жұмыстарына   45 трактор, 64 шалғы, 120 адам қатысып, жоспар бойынша   12500 тонна пішен толық  дайындалды.

Өлген малды малқорымына жеткізуді  малдәрігері инспекторы А.Арымбеков пен Т.Каримов жүзеге асырады.

Ауылдық округінен 9 шаруа қожалығы мал басын асылдандырып,  Үкіметтен субсидия алуға қол жеткізді.

Білім, мәдениет, денсаулық және әлеуметтік салалар: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі биыл 3 жас маманмен толықты.

            Мектептің жанындағы жылы орын, жайлы төсекпен жабдықталған бюджеттік интернатта  шалғай елді мекеннің  10  баласы жатып білім алуда. Балалар төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтылып, тегін тасымалданады.  Тегін  тасымалдауға қаралаған  843 мың тенге қаражат толық игерілді.

Ақкөл және Шідерті мектептерінде 37 бүлдіршін     шағын орталықта  толық  күнге  тәрбиеленуде. 

Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебіне және Шідерті жалпы негізгі білім беретін мектептеріне  барлығы 16 бейне бақылау камералары орнатылды.

 Ақкөл жалпы орта білім беретін   мектеп 533 тонна қыстық отынмен  қамтамасыз етілді.   Жақсат бастауыш мектебіне 20 тонна қатты отын   көмір жеткізілді.

Шідерті жалпы негізгі білім беретін мектепке   қыстық  98 тонна көмір жеткізілді.  

            Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы мен Зеленая роща ауылындағы медициналық пункт халыққа үздіксіз  қызмет көрсетіп тұр.

      Жедел жәрдем автомашинасымен қамтамасыз етілген. Заман талабының медициналық құралдарымен, компьютерлермен жабдықталған және 1 дәріхана жұмыс істеп тұр. Дәрі-дәрмекті Зеленая роща және Жақсыат ауылдарына апарып сату жолға қойылған. Жылда   профилактикалық және жылжымалы флюрографиялық тексеруден  195  адам    өтті.

Ауылдық округіне республикалық «Денсаулық жолы» акциясына байланысты маман дәрігерлермен бір рет жылжымалы медициналық автокөлік  келіп  375  адам  медициналық  тексеруден  өтті.

Ақкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясы электрлі жылытқышпен жылытылады. Зеленая роща  ауылының медициналық пункті қыстық отынмен  толық  қамтамасыз етілді.

Ақкөл және Зеленая роща ауылының клубтарында түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Ауыл жастары мен тұрғындарынан құралған көркемөнерпаздар  үйірмелерінің мүшелері қалалық, аумақтық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Ақкөл ауыл клубына 80 тонна қатты отын және Зеленая роща ауылының клубына  55 тонна қатты отын жеткізіліп, жылу беру маусымына толық  дайындалды.   

Ақкөл ауылында орталықтандырылған кітапханадағы кітап қоры 14216 дана, соның ішінде  қазақ  тілінде  5705 дана  кітап  бар.  Оқырмандар саны 718, оның ішінде  61 мектеп оқушылары. 

Ауылдық округінде 100 пайыз сымсыз телефон байланысымен қамтамасыз етілген.

          Ауылдық округі бойынша «Отау» ТВ  сандық спутниктік телеарнасына 84 пайыз қосылған.    Билайн және Актив ұялы телефон байланысы бар.

            Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Көршілес ауыл жастарымен жолдастық  кездесулер  жиі  өткізіледі.

Ауылдық округ жастары ұлттық ат спорты «Көкпар», «Қыз қуу» және «Теңге алу» ұлттық ойындарын жиі ұйымдастырып  жүр. Көкпаршыларымыз «Көкпар» ұлттық ойынынан облыстық құрама командасының мүшелерінің құрамына кірді.  

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша:   

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасынан, «Құлан» бағдарламасынан және  «АгроБизнес» бағдарламасынан барлығы 49 500 000 тенге  несиеге, мал басы  алынып, шаруашылықтар  ұлғайтылды. 2 жеке кәсіпкерлік ашылып,  9 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Елді мекендерді көріктендіру: «Ауылдық округте елді мекендерді көріктендіру жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылуда. Ауыл көшелерінің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында округ бойынша 10000 тонна көң-қоқыс арнайы орынға  шығарылды.

            Түнгі көше жарығына және   жөндеуіне бюджет есебінен бөлінген 1 230 000 теңге  қаражат мақсатты  игерілді.

Ауылдық округ бойынша 25 шақырым жолды ұстауға  бюджеттен қаралған      733  мың  теңге  қаражат   мақсатты игерілді.

            Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін, КБМ-дерді ұстауға және сүзгілерін айырбастауға  бюджет есебінен қаралған 5 366 000   тенге қаражат мақсатты игеріліп, қондырғылары  ауыстырылды.    

            «Жайылма жазирасы»    саябағын ұстауға және көріктендіруіне  жергілікті қоғамдастық бақылау есебінен  200 мың    тенге   қаражат мақсатты игерілді.

            Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алуда ұтқан «Павлодар -Еңбек»  ЖШС-гі  Зеленая роща  ауылында шағын жасанды футбол алаңын орнатты.

 «Өңірлерді   дамыту»  бағдарламасы бойынша  1 226 000 тенге  қаражатқа Ақкөл ауылының Қ.Құсайынов көшесінің жолдары тегістеліп,  құм төселді және Зеленая роща мен Жақсат ауылдарында  қосымша  түнгі көше жарық шамдары орнатылды. 

Атқарылатын жұмыстар: Ақкөл ауылдық округінде  2017 жылы :

  1. Ақкөл, Зеленая роща және Жақсат ауыл көшелерінің жолдарын жөндеп, тегістеу.
  2. Кеңес көшесін 150 метр шарбақтау.
  3. КБМ-нің  алдына  құйма тас төсеу.
  4. 200 түп жас желек отырғызу.
  5. «Жайылма жазирасы»  саябағына  150  түп гүл отырғызу.
  6. Ақкөл ауылына кіре беріс жолын жөндеу.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза