Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бәйет ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесу жиналысының тезистері

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ардақты қауым!

      Бәйет ауылдық округінің құрамына Атығай және Бәйет ауылдары кіреді. Ауылдық округтің орталығы Бәйет ауылы Екібастұз қаласынан 30 шақырым қашықтықта Қаныш Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» су арнасының бойында орналасқан. Атығай ауылы Екібастұз қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан.  Бәйет ауылдық округі бойынша Атығай ауылында 110 отбасы, Бәйет ауылында 160 отбасы барлығы 270 отбасы бар.

       Ауылдық округ бойынша халықтың жалпы саны 1337 адам болса, оның ішінде еңбекке қабілетті адам саны 699, тұрақты жұмыс істейтіндер 616 адам, жеке негізде жұмыс істейтіндер 70 адам, қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 5  адам бар.

        Ауылдық округ бойынша зейнеткерлер саны 115, мектеп  жасындағы балалар саны 236, мектеп жасына дейінгі балалар саны 174,  I, II, және III топтағы мүгедектер саны 39 адамды құрайды.

Ауылшаруашылық саласы:

       Ауылдық округ бойынша есепті мерзімде 16 шаруақожалығы, 25 жекекәсіпкер, 1 ауылдық тұтынушылар кооперативі жұмыс істейді. Оның ішінде тұрақты жұмыс істейтіндер 14  маусымдық жұмыс істейтін 2  шаруақожалығы бар. «Виктория», «Эьдорадо» шаруа қожалықтары көкөніс бау-бақша өсірумен айналысады. Қалған шаруа қожалықтар мал өнімдерін өндірумен айналысады.

       2016 жылдың 1 қантарында 2270 бас ірі қара мал болса 2017 жылдын 1 қантарында 2284 бас ірі қара мал саналып өткен жылмен салыстырылғанда 6 % өсті, 2016 жылдың 1 қантарында 4443 бас ұсақ мал болса 2017 жылдын 1 қантарында 4644 бас ұсақ мал саналып өткен жылмен салыстырылғанда 4,5% өсті. 2016 жылдың 1 қантарында 1012 бас жылқы болса 2017 жылдын 1 қантарында 1014  бас жылқы саналып өткен жылмен салыстырылғанда 1 % өсті.

Есепті жылда 250 тонна ет, 160 тонна сүт өнімдері өндірілді. 200 гектарға бау-бақша өнімдері (картоп, сәбіз, қияр, қызанақ, қырыққабат, тәтті бұрыш, қызылша, қарбыз) өндіріліп ауыл жәрменкесіне сатылымға шығарылды.

 Қарасан, сібір жарасы, туберкулез ауруларына қарсы 1788 ірі қара малға, 3369  ұсақ малдарға екпе жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері 466 бас қара малға, 860  бас ұсақ малға  сырғаланып базаға енгізілді. Биылғы жылы 29 бас ірі қара мал, 1 қойдан сарып ауруы шығып, дер кезінде жойылды. Ауру шығу себебі «Бақыт» шаруа қожалығы басқа өңірден 29 бас ірі қара мал сатып алынған малды карантинге қою кезінде сарып ауруына шалдыққаны анықталып Қашыр аудандық «Ет бастау» ЖШС  комбинатына өткізілді.

Әлеуметтік сала бойынша:

         Ауыл тұрғындарының көбі Бозшакөл тау-кен байыту комбинатында, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Астана-Өскемен» бағытында салынып жатқан жол құрылысында  жұмыспен қамтылған. 

 Байет ауылдық округі бойынша МАӘК және балалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы  алушы отбасылары жоқ.

       «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Наурызбай Елеуиш жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін 3 000 000 теңге несие алды.

Жергілікті өзін-өзі басқару саласы бойынша:

      Бәйет ауылдық округі бойынша 2016 жылы ЖӨБ-дың ҚБШ есеп шотына 8 623 193 (сегіз миллион алты жүз жиырма үш мың жүз тоқсан үш) теңгенің ақшалай қаржысы жинақталды. 2016 жылы төмендегі мақсаттарға 1 178 800 (бір миллион жүз жетпіс сегіз мың сегіз жүз) теңге жұмсалды.

       Олар: Бәйет, Атығай ауылдарының күл-қоқыс алаңдарын ұстауға 548,8 мың теңге, бұралқы иттерді аулауға 210 мың теңге, қар тазалауға 210 мың теңге, ауылға кіре беріс қақпаның және хоккей алаңының сметалық жобалық құжатын әзірлеуге 210 мың теңге жұмсалды. Бұл шығындар 1 178 800 (бір миллион жүз жетпіс сегіз мың сегіз жүз) теңгені құрады.

       2017 жылдың 1 қаңтарында ЖӨБ-дың ҚБШ есеп шотында 7 444 393 мың теңге бар. Бұл сомаға Бәйет, Атығай ауылдарына кіре беріс қақпа орнатуға (3 млн*2қақпа) 6 миллион және Бәйет, Атығай ауылдарына хоккей алаңын салуға (1 млн*2) 2 миллион қаражат 2017 жылдың II тоқсанда игеру көзделіп отыр.

       2017 жылы ҚБШ түсетін қаржыдан Бәйет, Атығай ауылдарына «Тәуелсіздік» саябағын салуды жоспарлаудамыз.                                                  

Халыққа қызмет көрсету саласы:

  1. «Бәйет ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2016 жылы    жеке тұлғалардан барлығы 9 өтініш түскен. Барлық өтініштер жер қатынастары мәселелері бойынша түскен, Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңына сәйкес қаралып дер кезінде қанағаттанарлық жауап берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша 2016 жылы 368 өтініш түскен. Яғни мал басы және жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама, мектепке дейінгі балаларға жолдама беру.  Округ бойынша телефон, интернет, ұялы байланыс 100 % қамтамасыз етілген. Таза су КБМ модуль-блок құдығы, электрмен жабдықтау қызметі, пошта  қызметі, ауыл дүкендері  ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет атқаруда.
  2. Бәйет ауылдық округі бойынша «Отау ТВ» отандық  жерсеріктестігіне қосылған абоненттер саны 189 құрайды.
  3. 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Республикалық қаржыға шағын футбол алаңы салынды.

Мәдениет, білім және денсаулық саласы:

Бәйет ауылдық округі бойынша Байет және Атығай ауылында 11 жылдық 2 орта мектеп бар. Оның ішінде Байет орта мектебінде 152 оқушы, Атығай да 84 оқушы. Шағын бала бақшаға 40 бала қамтылған. Екі елді мекендегі жалпы білім беретін орта мектептің материалдық техникалық базасы толық қамтылған. Округ бойынша осы мектептерде 55 мұғалім еңбек етуде. Биылғы жылы Бәйет, Атығай білім беретін орта мектеп түлектерінен 8 оқу грантын иеленді.

Бәйет ауылдық кітапханасы ауыл оқырмандарына қызмет етіп келеді.  Бүгінде кітапхана қорында 5249 кітап бар, оның ішінде мемлекеттік тілде- 2498 дана. Кітапхана ай сайын қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен жаңа буын оқулықтарымен, көркем ғылыми анықтамалық әдебиеттермен қамтамасыз етіліп тұрады.

 Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына «Тәуелсіздік дара жолы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып «Елім менің еңселі» атты патриоттық ән өлең сайысы өтті. Облыстық, қалалық байқауларда өнер көрсетіп жүрген «Асыл әжелер» тобы тұрақты жұмыс істейді.  Бәйет және Атығай ауылынын клубтары тұрғындардын арасында өткізілетін барлық мәдени іс шараларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырды. Байет ауылдық фельдшерлік пункті ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетсе, Атығай елді мекенінің тұрғындарына 1 медицина қызметкері қызмет көрсетеді. Осы жылы 39 бала өмірге келді. Бала өсімі ауылдық округтер арасында ең жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр. Онкология ауруымен ауыратын - 4 адам тіркеуде тұр. Ауылдық округі аппаратында жергілікті өзін-өзі басқару бойынша көше комитеттері, ақсақалдар кеңесі, әйелдер кеңесі тұрақты жұмыс істейді. Осы қоғамдық ұйымдар көшелер бойынша ауылдық өміріне, тыныс тіршілігіне байланысты мәселелерді шешуге, тұрғындар арасында ауылды көріктендіру, мәдени іс-шараларға қатыстыру, ағымдағы мәселелерді жедел шешуге жұмылдыруда үлестері өте зор екенін атап өтуіміз қажет. Сондай-ақ ауылда мешіт жұмыс істейді. Ауыл бойынша Атығайда 5 табын, Байетте 6 табын мал ұйымдасқан түрде бағылады. 2016  жылы Байет ауылдық округі бойынша тіркелген қылмыс саны- 7, оның ішінде 7 мал ұрлығы қылмысы тіркеліп 7 жедел ашылды.

      Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жөніндегі мәселелер

Байет ауылдық округі бойынша 12 шаруа қожалығы мал өнімдерін, 3 шаруа қожалығы көкөніс, бау-бақша өнімдері 25 жекекәсіпкер мал өнімдерін өндірумен айналысады.

Ауылдық округ бойынша 3 дүкен халық тұтынатын азық-түлік тауарларын қол жетімді бағамен тұрғындарға қызмет етеді. Шаруашылықтар мен жекекәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қосалқы шаруашылығындағы малдарына қажетті жем-шөппен қамтамасыз етіліп тұрады. Ауылымыздың шаруа қожалықтары қалада  өтетін жәрмеңкелерде  ет, сүт, көкөніс өнімдерін үнемі жеңілдетілген бағамен сатып, өңіріміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Жоспар бойынша 7550 тн шөп дайындалып жеткізілді.

2015 жылғы Бәйет ауылдық округінің бюджеттік бағдарламаларының орындалу барысы туралы:

«Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылға арналған бюджеті 27 миллион 883 мың теңгені құрады. Қазіргі есептік мерзімде бюджетте қаралған қаржының игеру 100 пайызға орындалып отыр.

1. Көше шамдарын ұстауға арналып бөлінген 1 млн 149 мың тенге 100 % орындалды.

2. Күл-қоқыс полигондарын ұстауға арналған 548,8 мың теңгені ЖӨӨБ-дың ҚБШ есеп шотынан қаржы бөлініп Бәйет, Атығай ауылдарының күл-қоқыс полигондары тәртіпке келтірілді. Сондай-ақ ЖӨӨБ тің есеп шотынан 210 мың теңге қанғыбас иттерді аулауға жұмсалды.

3. Ауыл жолдарын қардан тазалау бойынша 363 мың тенге игерілді. «Абраев» ЖК  қатысып 100% орындалды.

4. Өңірлерді дамыту бойынша 1,418 мың тенгенің қаражатына Байет ауылының ауыл ішілік көшелерінде жол шұнқырлары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Орындаған "Universal Klas" ЖШС.

6. Ауыл халқын таза ауыз сумен қамту мақсатында құрылған КБМ модуль-блок кешеніне қызмет көрсету үшін 1,576 мың теңге бөлініп 100% орындалды.

7. Мүгедек балаларға үйде қызмет көрсету мақсатында әлеуметтік  қызметкерге бөлінген 536 мың тенге қарастырылып толық орындалды.

        Екібастұз қаласы әкімінің 2016 жылғы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы 

      Бәйет ауылдық клуб меңгерушісі Бәйет ауылының тұрғыны Қ.Т.Жантелиев: Бәйет ауылындағы жолдарды ағымдағы жөндеу.

Бәйет ауылдық округі Бәйет ауылының ауылішілік қатты жол  жабындысыңдағы шұнқырларды асфальттау жұмысын 2016 жылдың 17 шілдесінде Екібастұз қаласының "Universal Klas"  (Универсал Клас) ЖШС.

қатысуымен 572 шаршы метр жол шұнқырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

       Осы мақсатқа «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1,418 мың теңге қарастырылған қаражат толығымен игерілді.