Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 5 ХАБАРЛАМАСЫ

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

2013 жылғы 19 шілдедегі

№ 5 ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидасы 3-бабының 20-тармағы негізінде

Ақкөл ауылдық округінің әкіміне кандидаттар болып тіркелді:

Арымбеков Төлеутай Әшімұлы, 1963 жылы туған, Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылдық амбулаториясының терапевті, Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылында тұрады

Ахтаев Бақтияр Қабдірәшитұлы, 1972 жылы туған, Ақкөл ауылдық округінің әкімі, Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылында тұрады

Садықов Тілеуқабыл Қажыбайұлы, 1966 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ақкөл ЖБОМ» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылында тұрады

Сәрсекеев Бауыржан Оразәліұлы, 1979 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің жалпы білім беретін Шідерті негізгі мектебі» КММ директоры, Ақкөл ауылдық округінің Зеленая Роща ауылында тұрады

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы