kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласының әкімі Қ.Т. Нүкеновтің 2016 жылғы есебінің тезистері

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері туралы (2016 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша)

Өнеркәсіптік өнім көлемі 324,0 млрд. теңгені құрады,бұл 2015 жылмен салыстырғанда 18,6 % артық. ЖКИ-101,5 %.

Қала экономикасына 200,0 млрд. теңге қаржы салынды.

Құрылысқа 70 млрд. теңге қаржы салынды.

Жеке меншік инвестиция есебінен 20,0 мың шаршы метр тұрғын ғимарат пайдалануға енгізілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 30,4% артық  .

Бір жұмыскердің орташа еңбекақысы 14,3 %-ға өсіп, 137,0 мың теңгеден асты.

Барлық деңгейдегі бюджетке 73,6 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 26,1%-ға артық.

Оның ішінде 21 млрд. теңгеден астамы бизнес субъектілерінен, бұл 2015 жылдағыдан  18 % артық.

Қалалық бюджетке түскен салық түсімдерінің көлемі 2015 жылғыдан 121,2 %-ға өсумен 19 млрд. теңгеден астамды құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8 % немесе 19,4 млрд. теңгені құрады.

«Индустриалды – инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық  жобаларды іске асыру қаланың экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады.

Өңірде барлығы жалпы  қаржы көлемі 900 млрд. тенгеге жуық 23 жоба жүзеге асырылуда, қазіргі таңда  493,2 млрд. теңгеге  17 жоба аяқталды.

2 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен қаржы көлемі 398,2 млрд. теңге 6 жобаны іске асыру жалғасуда.

2016 жылы қуаттылығы жылына 10 млн. раушан гүл болатын раушан гүл өсіретін «Greenhouse KZ»ЖШС жылыжай кешені пайдалануға енгізілді. Қаржы көлемі 3,2 млрд. теңге, 70 жұмыс орны құрылды.

2016 жылғы 1 маусымда  Ұлттық телекөпір режимінде Ел Президентінің қатысуымен қаржы көлемі  11,9 млрд. теңге және 200 жұмыс орнын құрумен «R.W.S. Wheelset» ЖШС теміржол білектерін шығару мен жұпты доңғалақтарды қалыптастыру зауыты іске қосылды.

«Ertys invest 2016» инвестициялық форумының шеңберінде екі меморандумға қол қойылды:

Жалпы қаржы көлемі 38,1 млрд. теңге техникалық кремний өндіретін  «ANSA Silicon»ЖШС инвестициялық жобасын іске асыру туралы;

Қаржы көлемі 4 млрд. теңге жылыжай кешенін кеңейту, қолданыстағы  «Greenhouse KZ»ЖШС алаңын арттыру туралы.

         2017 жылы инвестиция көлемі  40 млрд. тенгеден асатын «Проммашкомлект»ЖШС теміржол саласы үшін доңғалақтар шығару цехының құрылысын аяқтау болжанып отыр.

Шағын және орта бизнес саласы келесі көрсеткіштермен сипатталады.

2015 жылмен салыстырғанда белсенді әрекет етіп жатқан кәсіпорындар саны 10,2 %-ға артты (783 бірлік), бұл мынадай іс-шараларды іске асыруға оң әсерін тигізді.

Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы  аясында 29 адам 132 млн. теңгеден астам сомаға  шағын несие алды.

Екі азаматқа жаңа өндірістерін ашу үшін жалпы сомасы 5,5 млн. теңгеге мемлекеттік гранттар берілді.

Екінші деңгейдегі банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін қаражаттандыруға жалпы құны 6,4 млрд. теңге 40 бизнес-жобаны іске асыру  үшін 1,3 млрд. теңге теңге жұмсалды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға  жалпы сомасы 82,0 млн. теңгеге 30 шағын несие берілді.

2 мың бас мал басы бар ет бағытындағы мал шаруашылық кешеніне «ЭМПК» ЖШС учаскесін 540 га. жүйелі суарып тұратын өндірістік инфрақұрылым өткізу мен салу жобасы аяқталды.

Халықты жұмыспен қамту саласының көрсеткіштері келесідей.

2016 жылы 3550 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы  2015 жылмен салыстырғанда 10,3 % артық, немесе 2443.

Жұмыспен қамту қызметтерімен 2147 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 435 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына -316 адам, жастар тәжірибесіне 130 түлек жолданды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»  бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан мынадай іс-шаралар орындалды:

Өңірлік квотаға енген 73 отбасы этникалық қазақтарды көшіріп алуға (281 адам) 23,2 млн теңге бөлінді.

«ҚВК» ЖШС  мен «Восточный» кенішінің білікті қызметкерлерінің қысқартылған жұмыс уақыты үшін жоғалтқан табысының үштен 2/3 екі бөлігіне жалпы сомасы  66,3 млн.теңге уақытша субсидиялау төленді;

2016 жылы әлеуметтік қолдаумен 13 мыңнан аса адам қамтылды, соның ішінде:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен-21 отбасы немесе 64 адам, 2015 жылмен салыстырғанда алушылар саны 2 еседен астамға төмендеген (жалпы сомасы 2,0 млн. теңге);

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақымен-218 аз қамсыздандырылған отбасы, оларда 456 бала тәрбиеленуде (жалпы сомасы 6,3 млн. теңге);

тұрғын үй көмегімен жалпы сомасы 34,9 млн.теңге-1828 отбасы, алушылар  саны 5,0% төмендеді;

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары әлеуметтік көмекпен 163,5 млн.теңгеге-10 мыңнан аса адам.

Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындауға қатысты.

Білім беру саласының бюджеті 7 млрд. теңгеден асып отыр, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7,4% артық.

Биылғы жылы 1200 орындық мемлекеттік тілде оқытатын №36 мектеп пайдалануға енгізілді. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға қалалық бюджеттен 35 млн.теңгеден астам жұмсалды.

Білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дайындау үшін 2016 жылы 70 млн.теңгеден астам соммаға  білім беру ұйымдарын  қайта жаңарту мен жөндеу жүргізілді.

3 мектептің төбе жабындыларына күрделі жөндеу -№2 , №13, №23 ЖОББМ және №2 балабақшаның төбе жабындысын қайта жаңарту жүргізілді.

Жұмыспен қамту жол картасы 2020 шеңберінде 4 ауыл  мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді: Бозшакөл, Марғұлан, Қарасу  және Сарықамыс.

19 білім беру нысанына 33 млн. тенгеден астам соммаға ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

10 млн. теңгеден астам сомаға 4 ауыл мектебінде  6 жылыту қазандығы ауыстырылды (Сарықамыс, Құдайкөл ЖОББМ –  2 қазандықтан, Төрт-Құдық, Майқайың ЖОББМ  –  1 қазандықтан).

Ауылдық аймақтардағы барлық мектептерге көмір 25 млн. теңгеден астам сомаға уақытылы және толық көлемде жеткізілді.

2016 жылы 21 мектепке робототехника кабинеттерін сатып алу үшін 13 млн. теңге астам сома және 6 млн. теңгеге жуық 15 мектеп үшін жас –бой ерекшеліктеріне арналған жиhаз сатып  алу үшін бөлінді.

Кітаптар сатып алуға 157 млн. теңге жұмсалды.

Халықтың әлеуметтік –қорғалмаған топтарынан шыққан балалары тегін ыстық тамақпен 100% қамтылды. Бұл мақсатта қалалық бюджет қаражатынан 53 млн.теңгеден  астам бөлінді.

Оқушылардың еңбек отрядтары мен халықтың әлеуметтік –қорғалмаған топтары балаларының жазғы демалыстарын ұйымдастыруға 64 млн. астам теңге бөлінді.

2016 жылы  «Мектепке жол» Республикалық акциясы шеңберінде әлеуметтік –қорғалмаған отбасылардың балаларын  жаңа оқу жылына дайындауда 29 млн. теңге сомма  көмек көрсетілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 52%.

Соның ішінде, 16 млн.теңгені  «Богатырь Комир»ЖШС, ГРЭС 1, ГРЭС 2, «Энергоуправление»ЖШС, «Теплоцентраль»ЖШС, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтары мен мәслихат депутаттарының демеушілік көмегі құрап отыр.

Білім беру сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі ҰБТ нәтижесі болып табылады.

2015-2016 жылдардағы оқу жылындағы орташа балл өңір бойынша 88,68 құрады,бұл 2015 жыл көрсеткішінен  14,65 баллға артық.

ҰБТ нәтижесі бойынша №25 қазақ қыздар гимназиясы  және № 21 мектеп облыстың үздік мектептерінің бестігіне кірді.

Ең жоғарғы орташа балл -122 балл, № 35, № 18, № 28 мектептердің үш түлегінде.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Екібастұзда -14 «Алтын белгі» белгісінің иегері және 15 ерекше үлгідегі аттестат иегері бар.

2015-2016 жылдардағы оқу жылында 194 мұғалім қалалық, облыстық және республикалық  интеллектуалдық конкурстардың жеңімпаздары болды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 135 жеңімпазға артық және 535 мектепке дейінгі білім беретін педагогтар, дәл солай 2015 жылмен салыстырғанда 106 жеңімпазға артық.

336 мұғалім шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары болып танылды, олардың 302-і республикалық деңгейде, 2015 жыл көрсеткішінен 3 есе артық. Педагогикалық оқулар мен конференцияларда 87 мұғалім сөз сөйледі.

2014-2015 жылдардағы оқу жылымен салыстырғанда  оқушылардың әр түрлі интеллектуалдық  конкурстардағы белсенділіктері 23% артып отыр.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 % қамтуға қолжетті.

Бұл көрсеткішті орындау үшін Королев 100 а көшесі мекенжайындағы 255 орындық  балабақша ғимараты қалпына келтірілді.

Балабақшаны  мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі шеңберінде «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ 288,4 млн.теңге соммаға қалпына келтірді.

Балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қалалық бюджеттен 59 млн.теңгеден астам сома бөлінді.

Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді, бұған 2016 жылы 3,5 млрд. теңгеден астам бөлінді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8% артық.

Қалалық аурухана пайдалануға берілген кезден бері алғаш рет 2016 жылы 300 млн. теңгеден астам сомма терапия және хирургия корпустарының күрделі жөндеуіне бөлінді.

280 млн.теңгеден астам соммаға медициналық жабдықтар сатып алынды.

Қалалық аурухана ішінен  клиника-диагностикалық орталығы ашылды.

         Осы атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде халық денсаулығының жақсарғаны байқалады:  

         ана өлімі сияқты оқиға тіркелмеген (облыста – 2 тіркелген);

         онкологиялық аурулардан өлім көрсеткіші 6,5 %-ға (100 мың  тұрғынға шаққанда 109,4 -тен 102,3 -ке дейін);

         туберкулез сырқатының көрсеткіші 15,1% төмендеген (100 мың  тұрғынға шаққанда 55,4 –тен 47-ге дейін).

         Дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы асыру шеңберінде 39 мыңнан астам адам қамтылған республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі 167 спорт акциясы өткізілді.       

         Ел Президентінің 2020 жылға дейін халықтың кем дегенде  30  пайызын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданумен қамту жөніндегі тапсырмасы кезең-кезеңімен орындалуда.

         2016 жылы бұл көрсеткіш 29,3% құрады, яғни 44 мыңнан астам адам.

         Ұлттық спорт түрлерін және мүгедектер үшін бейімдеу мен спорттық іс-шараларды дамытуға айрықша көңіл бөлінеді.

         2016 жылы 18 млн.теңгеден астам соммаға;

         БЖСМ 1–дің үстел спорты түрлері бөлімшесінің ғимаратын;

         Солнечный кенті ДСК төбе жабындыларын;

         БЖСМ-2 жертөле үй-жайын және хауызын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Жұмыспен қамту жол картасы 2020 шеңберінде «Жасыбай» БЖСМ –ның спорттық акробатика бөлімшесінің витраждарына және терезе, есік ойықтарына күрледі жөндеу жүргізілді.

         20 спорт құрылысы салынды.

         Олар:

         қаланың ауылдық елді мекендерінде 10 шағын футбол алаңдары ,

қаланың шағын аудандарындағы 8 (5 шағын баскетбол, 3 – тренажер)спорт алаңдары;

№ 36 мектеп аумағындағы жасанды жабындысы бар шағын футбол және баскетбол алаңы.

3 млн. теңгеден астам соммаға спорттық инвентарь сатып алынды.

Облыстық спорттық жарыстардың нәтижесі бойынша спорттың 13 түрінен 52 спортшы алтын жүлдегер, 59 күміс және 76 қола жүлдегер атанды.

         Мәдениет және  мемлекеттік тілді дамыту туралы

         Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру мақсатында қала әкімдігі жанындағы жұмыс тобы жеке меншік нысанындағы бірқатар объектілерге барып, бірқатар жұмыстар жүргізілді, тілдер туралы заңнаманы сақтау жөнінде  ұсынымдар берілді.

         2016 жылдың қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмыстар бойынша  ең үздік кәсіпорындар анықталды олар - «Богатырь Комир»ЖШС, «Горэлектросеть» ЖШС және РБК Банк.

          Барлық мәдени –көпшілік іс-шаралар –айтыстар, фестивальдар, конкурстар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналды.

         Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8 млн. теңгеден астам сома бөлінді.

         Бұл қаражатқа ауылдық клубтар үшін жиhаз, сахналық жиhаз және костюмдер, радиожүйе, микрофон, «Өнер»ҚМО үшін компьютерлер, Достық үйінің екі жаңа орталығы үшін  жиhаз сатып алынды.

         «Атамұра» мәдениет орталығы мен 16 ауылдық клубтардың  сахналық костюмдерін  жаңартуға 4,5 млн.теңгеден астам сомма жұмсалды. 

         «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»бағдарламасы бойынша:

         «Өнер»ҚМО-ның жертөле үй-жайына 42,9 млн.теңге сомаға;

          Құлакөл ауылының клубына- 7,6 млн.теңге соммаға,

          Төрт-Құдық  ауылының клубына – 6,8 млн.теңгеге,

        «Мақпал» мәдениет үйіне  - 3,6 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

         Қалалық бюджет қаражаты есебінен «Замандас» ардагерлер үйіне  8,0 млн. теңгеге жуық соммаға күрделі жөндеу жүргізілді.

          «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік  бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала  және агроөндірістік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну   жұмыстары жалғасты.

Оларға жалпы 8.0 млн. теңге сомаға 11 көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін 3 несие берілген.

         Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде.

         2017 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардың саны  5755 адамды құрап отыр, оның ішінде 3802-і халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша.

         2016 жылы кезектегілерге 31 пәтер бөлінді, соның ішінде 19-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

         «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Автобазовский өткелі 11/1 көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үй 173,0 млн. теңге соммаға сатып алынып, 36 пәтер жетім балалар мен жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі жастарға берілді.

         2016 жылы республикалық бюджет есебінен құны 540 млн теңге тұратын Энергетиков көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.2017 жылы осы тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспарлануда.

         2016 жылы жеке құрылыс салушы  «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде «Бәйтерек» холдинг арқылы 9 қабатты тұрғын үй- кредиттік тұрғын үйдің құрылысын бастады.

         Тұрғын үй - коммуналдық саласындағы жұмыс туралы

         Жеделсатылар шаруашылығын қолдауға 88 млн. теңгедан аса қаражат жұмсалды:

         нормативтік мерзімдерін өтеген жүз жеделсатыға диагностика жүргізілді.

         Жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстары 66 жеделсатыға және 20 жеделсатыға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         2016 жылы қаланың автомобиль жолдарын ұстауға, ағымдағы, орташа жөндеп, қайта жаңартуға бюджеттен 710 млн. теңгеден аса қаражат бөлінді.

         14,3 км жол жөнделді.

         Горняков, М.Әуезов, М.Жүсіп, Беркимбаев көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді және «Қала – саяжай» қалаға кіреберіс жолын қайта жарақтау орындалды.

Қаланы абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалау шараларына 380 млн. теңгеден астам бюджеттік қаражат жұмсалды.

21 балалар алаңқайы орнатылды.

Соңғы бес жылда 130-дан астам осындай ойын алаңқайларының құрылғанын атап өткен жөн.

2016 – 2017 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және оның өтуі.

Қаланы күзгі – қысқы кезеңде  тұрақты және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық кәсіпорындар жылумен, сумен және электрмен жабдықтау жүйесін, негізгі және қосалқы  құралдарды жөндеуге қатысты барлық іс–шаралар  орындалды.

Негізгі және қосалқы құралдардың, техникалық нормативтер ағаттығының себептерін талдауға,  ағымдағы пайдалану үдерісіндегі анықталған ақауларға сүйене отырып, іс – шаралар жасалған.

2016 жылы «Павлодарэнерго» ЖШС–ға Екібастұз ЖЭО – да жөдеу жұмыстарын орындауға 772 млн. теңге бөлінген болатын.

7 км. магистральді және оралымішілік жылу желілеріне  күрделі жөндеу,

335 км. магистральді және оралымішілік жылу желілерінің жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізілді.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарының шеңберінде 4 км жуық жылу желілері ауыстырылды.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік  бағдарламасы шеңберінде және Европалық даму және қайта жаңарту  банкінің қарыз қаржысы есебінен құрылыс жұмыстары орындалды:

1.Ұзындығы 851 м. Пішембаев көшесіндегі ТМ -6 жылу  магистралінің.

2. Ұзындығы  748 м. Қонаев көшесі бойынша  ТМ -14 жылу  магистралінің.

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде Чалбышев көшесі бойынша оралымішілік  жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде 1-кезең 346,8 м.

Қалалық бюджет есебінен жалпы соммасы 20,0 млн.  теңгеге Шідерті кентінде оралымішілік  жылу желілері жөнделді және Бозшакөл ст. қазандықтары үшін қазандар және түтін құбырлары сатып алынды.

Келіп түскен шағымдар мен анықталған ескертулерді ескере отырып   құбыр диаметрін кеңейту жолдары арқылы жылу энергиясының толық жылытпауын  жою және жүктеме ескеріле отырып  тұрғын үйлер басқа жылумен жабдықтау  желілеріне  қайта қосу жұмыстары орындалуда.

Жалпы алғанда,жылыту маусымы штаттық режимде өтуде.

          «Горэлектросеть» ЖШС-мен электр желілерін, кабельді, ауа желілерін және қосалқы стансаларды жөндеуге, сондай-ақ желілерді қайтажабдықтауға  қатысты 10 іс – шара орындалды.Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыруға 2016 жылы 183,5 млн.теңге жұмсалды.

«Горводоканал» МКК – мен қаланың және Солнечный кентінің су–канализациялық шаруашылығын қалпына келтіруге, соның ішінде: су құбыры желілерін жөндеуге, жылумен оқшаулауды қалпына келтіруге, желілік су құбырындағы тиектік арматураларды ауыстыруға және орталық жылу бекеттерін жылыту маусымына дайындауға қатысты 316,6 млн. теңгеге  53 іс–шара орындалды..

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  2016 жылы 2,5 млрд. теңгеден астам сомма 2015 жылдан келе жатқан  жобаларды (2015 жылдан ОВС тан ВНС -19-ға дейінгі магистральді су құбырларын қайта жаңарту, ГКНС –ті қайта жаңарту мен жаңғырту)  және жеті жаңа жобаны іске асыруға бөлінді, соның ішінде:

1. ОВС тан ВНС -19-ға дейінгі магистральді су құбырларын қайта жаңарту  (1 362,7 млн.теңге),

2. қаланың бас сорғылық кәріздік  станциясын қайта жаңарту мен жаңғырту (1 031,3 млн.тенге),

         3.25- шағын ауданда жер асты кәріздік  желілерінің құрылысы ( Екібастұз қаласының Беркимбаев көшесі  - 17 Южный өткелі, Амангелді – Степной көшелері) (68,5 млн.теңге),

         4. Екібастұз қаласында 4 ЦТП –ны (11, 52, 63, 313)  қайта жаңарту (163,588 млн.теңге).

         5.Екібастұз қаласының оңтүстік –батыс бөлігіндегі кәріздік коллектордың құрылысы ( Энергетиков көшесі бойынша) (107,6 млн. теңге).

         Бұл жобаларды іске асыру жұмыстары 2016 жылы аяқталды.

         2017 жылы келесі жобаларды іске асыру жалғасатын болады:

         6. Екібастұз қаласының 23-шағын ауданындағы  су құбыр желілерін салу ( Екібастұз қаласының 1- Юго-Западный өткелінен  9- Юго-Западный өткеліне дейін  ) (110,6 млн. теңге).

         7.Екібастұз қаласының техникалық құбырлары мен 3 кәріздік сорғылық станцияларының жабдықтарын қайта жаңарту мен жаңғырту (261,7млн. теңге).

         8.Екібастұз қаласының 21 ,23-шағын аудандарының  кәріздік коллекторларын қайта жаңарту (190,3млн. теңге).

         9. Строительный көшесінен Пішембаев,  Абай көшелеріне дейін су құбырларын қайта жаңарту (429,8 млн. теңге).

         Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру мақсатында М.Жүсіп көшесі № 128 көппәтерлі мемлекеттік тұрғын үйдің 9,8 млн. теңге соммаға  ағымдық жөндеу жұмыстары аяқталды.

         3,9 млн. теңге соммаға  55 көппәтерлі тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізілді.

         Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша қайтарылған қаржы есебінен М.Жүсіп көшесі № 20 үйдің төбе жабындысына 28,2 млн. теңге соммаға қайта жаңарту жүргізілді.

       Егер 2015 жылы нысаналы жиындар есебінен  пәтер иелері 169 үйдің ортақ мүлкіне күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізді, 2016 жылдың қорытындысы бойынша мұндай жұмыстар 255 үйде жүргізілді, соның ішінде:  

         147 үйдің жылумен жабдықтау жүйесіне, 88 үйдің сумен жабдықтау жүйесіне

         17 үйдің канализациясына,

         3 үйдің электрмен жабдықтауына,

         1 үйдің төбе жабындысына.

Екібастұздың экономикалық дамуының басым бағыты – ауыл шаруашылығы саласы.

         Мал шаруашылығын және өсімдік шаруашылығын дамыту, ауыл аймақ тұрғындары шаруашылығы қызметінің негізгі түрі болып табылады.

         Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 30,4 % ұлғайды және 7,4 млрд. теңгені құрады.

         Шаруа қожалықтары 330 млн. теңге көлемінде субсидия алды, ол 2015 жылмен салыстырғанда 24% артық. Бұл қаражаттар мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға, ірі мал азығы және суармалы су құнының арзандатылуына бағытталған.

         2016 жылы 15 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

         2016 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық» бағдарламалары бойынша 492 бас аналық ірі қара мал, 130 бас жылқы және 460 бас қой сатып алынды.  

         «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің 2 нысаны енгізілді:

         макарон өнімдерін өндіру цехы (ЖК Казнауев);

         «ЭМПК» ЖШС негізінде шұбат өндіру цехы.

         Егіс алқабының барлығы өткен жылмен салыстырғанда 10,4 % ұлғайтылды және 16,8 мың га аса жерді құрады, соның ішінде:  

         Астық жинау жұмыстары уақытылы аяқталды. Бір гектардан орташа өнімділік 8 центнерді құрады, ол 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 25 % артық.

         Мал шаруашылығының қарқынды дамуына қол жеткізілді, соның ішінде:

         2015 жылмен салыстырғанда ірі қара мал саны 1,5 % артты және 33,4 мың басты құрады;

         жылқы –  5,9 % немесе 13,6 мың бас;

         қой және қозы – 0,2 % немесе 47,0 мың бас.

         Малдың қыстан аман шығуы үшін 83 мың тонна мал азығы дайындалды немесе жоспардан 127,4 %.

         Мал азығы толық көлемде қыстақтарға тасымалданды.

         Ветеринарлық-алдын алу және эпизоотияға қарсы шаралартолық көлемде жүргізілді.

         Сібір жарасы көмінділерінің 7 ошағының барлығы қоршалды, белгілері орнатылды.

         Өңірде 28 мал қорымы қызмет көрсетеді, соның ішінде қарапайымы – 12 және бір үлгідегісі 16, олар санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сай келеді.

         Жыл нәтижесі бойынша 2015 жылмен салыстырғанда  ет өндірісінің ұлғаюы 4,2 % (5326,3 тонна), сүт 1,8 % (22 575,5 тонна), жүн 10,5 % құрады (96,3 тонна).

         Жұмыртқа өндірісі 2015 жылғы деңгейде қалды (2315,6 мың дана).

         2014  жылғы 1 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 30 қараша бойынша елімізде мүлікті заңдастыру акциясы жүргізілді.

         Осы кезеңде 470 млн. теңгеден астам сомаға 183 нысан (148 млн. теңге сомасына 33 тұрғын үй нысаны; 323 млн. теңге сомасына 148 тұрғын емес үй) жекешелендірілді.

         Барлық жекешелендіру нысандары әділет органдарында тіркелді.

         Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына акцияның басынан бастап жалпы сомасы 9,4 млрд. теңгеге мүлікті заңдастыру бойынша 52, соның ішінде:

         ақшалай қаражат - 9,3 млрд. теңге сомасына;

         Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан мүлік -  1,0 млн. теңге сомасына;

         Қазақстан Республикасының шегінде орналасқан мүлік (басқа тұлғаға ресімделген жылжымайтын мүлік) – 17,0 млн. теңге сомасына;

         заңды тұлғаның жарғы капиталына қатысу үлесі – 10,0 млн. теңге сомасына декларация түсті.

         Қоғамдық тәртіпті қорғау және жемқорлықпен күрес туралы.

         Келесі санаттар бойынша тіркелген қылмыстар санының азаюы байқалуда:

         тіркелген қылмыстардың жалпы саны 25,0 % ( 2796-дан 2096 дейін);

         қоғамдық орындарда жасалғандары 30,0% (1036-дан 725 дейін);

         көшелерде жасалғандары 29,7 % (537-ден 377 дейін);

         отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 46,1% (13-тен 7 дейін);

         топталған тұлғалармен жасалғандары 13,1% (122-ден 106 дейін);

         кәмелет жасына толмағандармен жасалғандары 11,4 % (44-тен 39 дейін).        

         Ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы ашылуы 90,1 % құрайды, ол 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 16,4 % артық (2015ж. – 73,7%).  

         Тұрғындар алдында есеп беру нәтижесі бойынша 2015 жылы 31 ұсыныс айтылды,  соның ішінде 15-і орнында түсіндірілді, 16-сы бақылауға алынды және қазіргі уақытта орындалды.  

         Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы жұмысы Елбасының Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» атты тапсырмасын орындауға бағытталды. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза