Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетулері бойынша 2016 жылғы жұмыстары туралы ақпарат

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет: Екібастұз қаласының әкімдігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігімен халыққа мемлекеттік қызметтің 80-нен астам түрі көрсетіледі. 2016 жыл ішінде Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 95776 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Соның ішінде:

қызмет берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысандағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 12741.

қызмет берушілермен көрсетілген (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) «электрондық үкімет» веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі барлар барлығы, соның ішінде қағаз нысанындағылар- 35388.

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 32348.

электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –15299.

2. Қызмет алушылармен жұмыс 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін қызмет берушілердің орналасқан жерлеріне, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы ұсынылады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 16-дан астам түсіндіру іс-шаралары өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат сипатындағы 12 мақала жарияланды. 

2016 жыл ішінде 2 мемлекеттік қызметші Павлодар аймақтық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығында қайта даярлау курсынан өтті.  2016 жылдың қараша айында қала әкімі аппараты мемлекеттік –құқық бөлімінің маманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жағдайында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинарында оқудан өтті.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау 

Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 3 бұйрығымен бекітілген Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен  көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі 2016 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарымен қала әкімі аппаратының мемлекеттік –құқық бөлімі 6 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде:

2016 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер ветеринария бөлімі» ММ-де;  

2016 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-де;  

2016 жылдың 4-тоқсанында Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою бойынша мемлекеттік қызметі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-де, «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ-де    тексеру жүргізді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысында басшыларға 19 ұсыным берілді, олардың ішінде 18-і оң қаралды, 1-і қаралу барысында (пандус орнату бойынша).

2016 жылғы қарашаның 14 мен 30-ы аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Заңын сақтау саласында тексеру жүргізді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысында Департаментпен 21 бұзушылық анықтады, 6 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2016 жылы 8 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылық анықталды, оның ішінде 7  мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ағымды жылы баланың туу туралы куәлігін алу мәселесімен «Нұр Отан» партиясының сайтына түскен 1 шағым орын алды. Өтінішті қарау кезінде анықталғаны, Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасының көші-қон қызметі деректерінде, нақтырақ айтқанда баланың әкесінің атында қате жіберген. АХАТ бөлімі бала туу туралы қайта куәлік берген, арыз берушінің АТАХ бөліміне наразылығы жоқ.      

2016 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден 78 дәлелді бас тарту болды. Оның ішінде: 

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту -45;

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» -2;

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру - 2;

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру-18;

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер телімін беру -3;

Жер телімінің  нысаналы мақсатын  өзгертуге рұқсат беру-8.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру 

2017 жылы көрсетілетін қызметтерді алушылардың қызмет сапасына қанағаттануын арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады, нақтырақ айтқанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзуға жол бермеу, «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпарация арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсетулерді электрондық форматта және ХҚКО арқылы алу мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру жұмыстары  тұрақты бақылауда тұр.