Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Тағы бір елеулі 92 жас»!

2017 жылдың 10 қаңтар күні қала әкімінің орынбасары Иманзаипов Ержан Бейбітұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Сулеев Зейнолланы 92 жасқа толуымен құттықтады.

Сулеев Зейнолла 1942 жылы әскерге шақырылып, Украин фронтының бірінші тақыштар дивизиясында соғысты. 1945 жылдың тамыз айында Жапон соғысына қатысқан.

Сонау соғыс тәлкегін көрсе де, табандылық пен жігерді ұстанған ардагер 30 жыл көлемінде мұғалімдік қызмет атқарып, білім саласында ерең еңбек етті.

«Ұлы Отан соғысының II дәрежелі» орденімен, «Украинаны азат еткені үшін», «Кеңес одағының маршалы Г.К. Жуковтың» медальдарымен және мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Бүгінде Сулеев Зейнолла 9 баланы тәрбиелеп, 12 немерінің атасы.