Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ивер-Серафим соборында Рождество мерекесі өтті

2017 жылдың 7 қаңтар күні Екібастұз қаласының Ивер- Серафим соборында Рождество мерекесі атап өтілді.

Аталмыш іс-шараға қатысқан Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Иманзаипов Ержан Бейбітұлы:  «Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймын! Ұлттар арасында бейбітшілік пен келісім, бірлік пен татулық бар елдің тірлігі де берекелі болады. Қазақстан бүгінде күллі діндердің басын қосып, ортақ мәмілеге шақыратын елге айналды», - деп құттықтады.

Мереке күні Ивер-Серафим соборында мерекелік көңіл-күй орнады. Әрбір православ дінінің өкілі Құдайға құлшылық жасап, бір-бірі шын жүректен Рождество мерекесімен құттықтады.