Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Молдағалиева Несібелді Шәкірқызы: Алғыс хат

Қала әкіміне алғысымыз шексіз.
2016 жыл Қазақстан үшін маңызды мерейтойлар мен мерекелік даталарға толы жыл болды. Оның ішінде ең маңыздысы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, қазақ ақыны, журналист Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл, аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқан Мұнайпасовтың туғанына 145 жыл, Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы, мемлекеттік қайраткер Абылай ханның (Әбілмансұр) туғанына 305 жыл, Қазақ батыры Наурызбай Кұттымбетұлының 310 жылдығы аталып өтті.
Осы 2016 жылы біздің де мектебіміз еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде өз үлесін қосты. Атап айтқанда, 2015-2016 оқу жылы қорытындысы бойынша ауыл мектептері арасында мектебіміз «Білім беру қызметінің үздігі» номинациясымен марапатталды. Қала әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов ауыл мектептерінің еңбегін бағалап, білім беру қызметін сапалы көрсеткені үшін педагогтардың тамыз конференциясында мектебімізге 500 мың теңге сертификатын тапсырып , мектеп ұжымын және оқушыларын үлкен қуанышқа бөледі. Аталған қаржыға мектебімізге 210 мың теңгеге музыкалық аппаратура микрофондарымен, 209 мың теңгеге акт залына арналған трибуна, банкеткалар, орындықтар, жиһаздар және 81 мың теңгеге көпфункционалды лазерлі құрылғы мен принтер сатып алынды.
Мектебімізде мерекелік іс-шараларды өткізуге арналған музыкалық аппаратураның бар болғанына қуаныштымыз. Ауыл мектептерін назарынан тыс қалдырмай, осындай қаржылай сыйлық жасағаны үшін Екібастұз қаласы әкімі Қайрат Темиршотұлы Нүкеновке алғысымыз шексіз. 2017 жылы да Майқайың жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздар және оқушылар ұжымы білім сапасының биік шыңдарынан көрінеді деген сенімдеміз.
Қала әкімі Қайрат Темиршотұлын Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз! Зор денсаулық, жұмысына табыс, жанұясына бақыт тілейміз! Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!


«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Майқайың ЖОББМ» КММ директоры Молдағалиева Несібелді Шәкірқызы 

Мейірімді сөздер үшін рахмет.