Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 3 ХАБАРЛАМАСЫ

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

2013 жылғы 19 шілдедегі

№ 3 ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидасы 3-бабының 20-тармағы негізінде

Төрт-Құдық ауылдық округінің әкіміне кандидаттар болып тіркелді:

         Әбдіқадырова Бахыт Мұхаметжанқызы, 1978 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің мектеп  - бала бақша оқу кешені» КММ директорының оқу бөлімі жөніндегі орынбасары, Төрт-Құдық ауылдық округінің Бозшакөл стансасында тұрады

Мазнева Екатерина Юрьевна, 1970 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің мектеп  - бала бақша оқу кешені» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Төрт-Құдық ауылдық округінің Бозшакөл стансасында тұрады

Тасымов Базылбек Жамсапұлы, 1960 жылы туған, Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі, Төрт-Құдық ауылдық округінің Төрт-Құдық ауылында тұрады

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы