Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда қалалық бас шырша жағылды

22 желтоқсанда Энергетиктер күні қарсаңында Екібастұз қаласында бас шырша жағылды.

Мерекелік іс-шараға қатысқан қала әкімі Қайрат Нүкенов екібастұздықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

«Құрметті екібастұздықтар, бүгін біз барлығы көптен күтетін дәстүрлі мерекелердің бірі – жаңа жылдық шыршаны жаққалы тұрмыз. – «Аталмыш жыл біздер үшін өте маңызды және жаңалыққа толы болды. Баршаңызды шын жүректен келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын».

Салтанатты құттықтаудан соң, қалалық бас шыршаның шамдары жағылып, іс-шара соңы жаңа жылдық отшашумен ұласты.