Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында ардагер-энергетиктерге арналған «Даңқ стенді» ашылды

2016 жылдың 21 желтоқсан күні қала әкімі Қайрат Нүкеновтің қатысуымен энергетика саласының дамуына үлес қосқан ардагер-энергетиктерге арналған Даңқ стендінің салтанатты ашылуы өтті.
           Қала тарихының «Даңқ стендіне» 168 екібастұзтық ардагер-энергетиктердің есімдері үлкен мәртебемен жазылды.
           Әр есімнің астарында мызғымас ерең еңбек пен жасапмаздықтың негізі жатыр. Олардың бастамалары тек қаланың ғана емес еліміздің энергетика саласының дамуына қосқан үлестері өте зор.
         Келер ұрпаққа таптырмас қалдыратын тағы бір өнегелік үлгі ретінде танылып отыр.