Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 2 ХАБАРЛАМАСЫ

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

2013 жылғы 19 шілдедегі

№ 2 ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидасы 3-бабының 20-тармағы негізінде

Теміржол ауылдық округінің әкіміне кандидаттар болып тіркелді:

Жақсылықова Зульфия Михайловна, 1971 жылы туған, «Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әскери есеп жүргізу жөніндегі инспекторы, Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылында тұрады

Қасенәлин Ерлан Ермұратұлы, 1961 жылы туған, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылында тұрады

Молдағалиева Несібелді Шәкірқызы, 1968 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Майқайың ОМ» КММ директоры, Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылында тұрады

Уақбаев Дулат Темірғалиұлы, 1961 жылы туған, «Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылында тұрады

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы