Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Таэквондодан ITF «2016 жылғы Әлем кубогы»

2016 жылдың желтоқсан айының 13 күні Қазақстан Республикасының 25-жылдық мерекесі қарсаңында  Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов спортшы Сапар Алемханмен және оның оқытушы – жаттықтырушы Азамат Шакиловпен кездесті.

Сапар Алемхан   2016 жылдың желтоқсан  айының 01 және 04 күндері аралығында Минск қаласында (Белоруссия) өткен Таэквондодан ITF 2016 жылғы Әлем кубогында екінші орынды иеленген болатын. 

Сапар Алемхан (жасөспірімдер, 75 келіден жоғары) 4 рет тартысқа шығып екінші орынды алды. Үш рет жеңіп ақтық финалда Ресей қарсыласына жол берді.

Қала басшысы Қайрат Нүкенов спортшы мен оның жаттықтырушысын жеңіспен құттықтап,  оларға құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.