Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келуі

2016 жылдың 13 желтоқсанында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді.

Өңір басшысы сапар кезінде ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК клиникалық – диагностикалық орталығы мен №26 «Балапан» атты бала-бақшасының салтанатты ашылуына қатысты.

Клиникалық – диагностикалық орталығының жалпы көлемі 450, 6 шаршы метр, мұнда 7 кабинет қарастырылған: 3 кабинет функционалды диагностика және 2 кабинет эдоскопиялық диагностика кабинеттері. Клиникалық – диагностикалық орталықты ашу - талапқа сәйкес халыққа сапалы және заманауи медициналық жәрдем көрсетуге, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен уақытында көрсетілуіне мүмкіндік береді.

Балабақша ғимараты «Еуроазиаттық энергетикалық корпарациясы» АҚ-мен қалпына келтірілді. Аталмыш балабақша 255 орынға қарастырылған, барлық қажетті жабдықтармен жарақталған, балалардың келуі мен дамуына қолайлы жағдай жасалған. Балабақшаны қалпына келтіру қаланың екі шағын аудандағы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды орынмен қамту мәселесін шешуге қол жеткізетіні сөзсіз.

Бұдан басқа облыс басшысы сапар кезінде Екібастұз қаласының активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының 25-жылдығы қарсаңында салтанатты түрде мемлекеттік наградалар мен медальдарды  марапаттады.