Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай салтанатты жиын - Екібастұз қаласының «Өнер» мәдениет орталығында өтті.

Аталмыш жиында қала әкімі Қайрат Нүкенов және қала қонақтары Булекбаева Ләззат Қайдербекқызы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті төрағасының орынбасары және Павлодар облысы Білім басқармасының басшысы – Бексейітова Бақыт Мақанқызы қатысты.

«16 желтоқсан – әр қазақстандық үшін маңызды күндердің бірі, еліміздегі айтулы оқиға! Тәуелсіз Қазақстанның тарихы – еліміздің жарқын жеңіс пен мол табыстардың айқын көрінісі. Ұлт
көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге одан әрі толағай табыстарға жетеміз деген сенімдемін! Барлықтарыңызға және жақындарыңызға денсаулық, бақыт пен береке тілеймін.
Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтай берсін!»,- деді Қайрат Нүкенов.

Осы мерекелік күнде 35 экібастұздық қала дамуына зор үлес қосқаны үшін облыс және қала әкімі атынан арнайы диплом мен алғыс хаттармен  марапатталды.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен ұласты.