Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебінің қоржынында 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медалі

Астана қаласында 6-7 желтоқсан күні Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Мәңгілік ел» патриоттық акция аясында «Ұлы дала-ұрпағы» атты Махамбеттің жас ұрпақтарына арналған І Республикалық байқауы өтті. Республикадан 250 бала қатысты.

 Осы байқауға ауыл мектептері арасынан  Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебінен 8 оқушы қатысты. Барған қатысушылардың барлығының қанжығасы майланып, олжалы келді.Оқушыларды дайындаған жетекшілеріне Астана қаласының білім бөлімінің алғыс хаттары табысталды.

  1. «Махамбеттің өлеңдерін жатқа айту» номинациясынан 8-сынып оқушысы Қабдрашит Ислам І орын /алтын медаль/, жетекшісі жоғары санатты мұғалім Базилова Бақытжамал Қармұсаққызы
  2. «Махамбеттің өлеңдерін жатқа айту» номинациясынан 11-сынып оқушысы Ақтай Ғалымжан ІІІ орын /қола медаль/, жетекшісі І санатты мұғалім Бозғоева Ардақ Амангелдіқызы
  3. «Мен-көшбасшымын!» эссе жазу номинациясынан 10-сынып оқушысы Сағадат Талғат І орын /алтын медаль/, жетекшісі І санатты мұғалім Қабенова Гүлмира Кәкенқызы.
  4. «Мен-көшбасшымын!» эссе жазудан 9-сынып оқушысы Қанатова Данагүл ІІ орын /күміс медаль/, жетекшісі Базилова Б.Қ.
  5. Театрландырылған қойылым бөлімінен ІІІ орын /қола медаль/, жетекшісі Нұрғалиева  Аяулым,

Қойылымға қатысқан оқушылар: Қадыр Аслан 5-сынып

                                                        Сарсембаева Жұлдыз 10-сынып

                                                        Тұрымтаев Дәулет 10-сынып

                                                         Мекежанов Мереке 10-сынып

                                                         Ақтай Ғалымжан 11-сынып