Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ғылыми жобалардың облыстық туры

Ағымды жылдың 6-желтоқсанында  Павлодар қаласында ғылыми жобалардың облыстық  туры өтті.

Ғылыми жобалардың қалалық тур қорытындысы бойынша облыстық іріктеу турына 41оқушы қатысты, оның ішінде  25 оқушы облыстық  турға жіберілді.

Облыстық турдан мектептердің  11 оқушысы жеңіспен оралды: бірінші орынды  -  № 36 мектеп - лицей оқушысы Зейнулла  Жасұлан,  № 26 мектеп-гимназиясының оқушысы  Әсет Арымбеков, Екібастұз ауылы мектебінің оқушысы  – Ерғанат  Сағынбаев иеленсе, екінші орынға - № 26 мектеп-гимназиясының оқушысы Уахитова Лейла, № 36 мектеп - лицей оқушысы Апекова Аяулым, үшінші орынға – № 18 ЖОМ оқушысы Әлім Әлішер, № 6 мектеп - лицей оқушысы Кубеева Лунара, № 18 ЖОМ оқушысы Қожахметова Гүлжан, №24 ЖОМ оқушысы Билялова Карина, № 35 мектеп-гимназиясының оқушысы Гончаров Богдан, № 21 ЖОМ оқушысы Печорин Иван  ие болды. 

Бүгінгі күні оқушылар тестілеуге дайындалуда, нәтижесі бойынша  комиссия  ғылыми жобалардың республикалық  турына қатысу туралы шешім шығаратын болады.