kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қаланың төтенше жағдайлар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізілуде

         Мемлекеттік органдардың ең маңызды бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы табанды күрес жүргізу.

         Жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықты түбімен жою бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖ Департаменті Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында нақты жұмыстар іс-жүзіне асырылуда.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында нормативтік құқықтық актілер стенді өңелді.   Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша басқарманың бөлім бастықтарымен бөлімдердің жеке құрамына (бекітілген дәрістер бойынша) күн сайын нұсқаулық өткізіледі.

         Сабақтарда басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққпен күрестің қағидалары, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды және басқа да тұлғалардың, сонымен қатар олардың қатарына қосылған тұлғалардың қызметіне нақты құқықтық регламент қою шаралары түсіндіріледі.

         Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,  сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, жеке және заңды тұлғалардың жағынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау мақсатында, басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне тіркеу жүргізіледі.

         Басқарманың ғимаратында кіре берісте шағымдар мен өтініштерге арналған жәшік, «сенім телефоны» бойынша ақпараттарды есепке алу журналы бар.

         Басқарма басшыларымен, азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес (кесте басқарманың фойесінде ілулі) жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау  өткізіледі.

         Сонымен қатар Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 34-09-07 сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

Р.Нұрмакин

ТЖ басқармасы мемлекеттік

өрт бақылау бөлімінің

бастығы.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза