kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Республикалық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында семинар өтті

            Ағымды жылдың 25-қарашасы мен 10-желтоқсан аралығында Екібастұз өңірінің аумағында кең көлемді республикалық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде.

            Осы акция аясында ағымды жылдың 25-қарашасы күні Екібастұз қаласының  № 4 ЖОМ  базасында Екібастұз қаласы ІІБ және білім бөлімімен бірлескен  семинар өткізілді.

           Акцияның мақсаты тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушінің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған  профилактиканың жаңа формалары туралы ақпарат беріліп, құқықтық түсіндірме жұмысын жасау  болып табылады.  

           Бұл  семинарға ата-аналар, жоғары сынып оқушылары, мектеп   педагогтары, «Альтернатива» ҮЕҰ өкілдері қатысты.

           Семинарға қатысушылар отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуге бағытталған тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары туралы хабардар етілді.

       Семинарға қатысушыларға буклеттер, брошюра-парақшалар таратылды.  «Альтернатива» ҮЕҰ  волонтері тарапынан құқықты білуге сауалнама жүргізілді.

            Семинар соңында ата-аналар қауымы атынан  Г.Ешімова семинарды өткізу жөнінде өз алғысын білдіріп, осы кездесуде пайдалы ақпарат алғандарын жеткізді.  

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза