Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Білім бөлімінің кезекті Алқа отырысы өтті

        Білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымды жылдың 24-қарашасында   Глинка атындағы Балалар музыка мектебінде  Екібастұз қаласы  әкімінің орынбасары  М.Д.Маликованың қатысуымен Бөлімнің кезекті Алқа отырысы өтті.

        Алқа отырысында қосымша білім беру және жалпы орта білім беру мекемелерінің сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың қамтылуын ұйымдастырудағы жұмыстарының тиімділігі, ғылыми-әдістемелік  кабинеттің  2016 жылғы жұмысына талдау жасау, «Алтын белгі»  үлгісіндегі   аттестатқа және үздік  аттестатқа үміткерлерді ҰБТ-2016-ға дайындау бойынша іс-шаралар Жоспарының  жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, тәрбиеленушілердің мектепке  дейінгі білім мекемелеріне қауіпсіз келуіне жағдай жасау жөніндегі жұмыс барысы  туралы мәселелер қаралды.

Бұл шараға  75-тен аса адам қатысты.