Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Түрік жазба күндері» өтті

      2016 жылдың 17 қараша күні Достық Үйінде Түрік жазба күндеріне арналған  іс – шара өтті. Кіріспе сөзбен шараны «Ана ұлағаты» ҚБ төрайымы Маруаш Жолтановна ашып мәлімет берді.

      Екібастұз тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері түркі халықтарының тілі мен мәдениетімен таныстырды,  «Күл Тегін ескерткіші» туралы слайд-саяхат өткізді.  Іс-шараға "Ана ұлағаты"  ҚБ «Назерке» вокалдық ансамблі, «Шатлық», «Ляйсан» татар – башқұрт ЭМБ вокалдық топтары, әзірбайжан ЭМБ Назим Алиев барабанда әзірбайжан ритмдарын ойнап берді. Фойеде №9 кітапхана қызметкерлері кітптар көрмесін ұйымдастырды. Шараға №2 қала мектебінің оқушылары, колледж студенттері қатысты.