Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ТҰНШЫҚТЫРҒЫШ ГАЗБЕН УЛАНУ

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы

төтенше  жағдайларды ескерту

тобының бас маманы 

                                                                                     М.К. Хамитова

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР  БАСҚАРМАСЫ

ЕСКЕРТЕДІ!

ТҰНШЫҚТЫРҒЫШ ГАЗБЕН УЛАНУ

Көміртек оксиді (СО) – түссіз, иіссіз, дәмсіз газ. Адам ағзасына ешқандай белгі бермегендіктен, адам демін ішіне тартқан кезде газбен уланғаннын сезбей де қалады. Көміртек оксиді (СО) - әртүрлі өнеркәсіптерде, пештерде отын өндірген кездегі жалындаған көгілдір оттарда болады. Пештің тұрбасына баратын түтін жолы жабылып немесе жұмысқа жарамай қалған кезде адамдардың тұншықтырғыш газбен улануы мүмкін. Халықта  иіс тиіпті деген сөз осыдан қалған.

Көміртек тірі организмдер үшін ең басты органоген. Бірақ күйе түрінде бос көміртек және оның  моноксиді иіс газы адам үшін зиянды. Ұзақ уақыт күйемен немесе көмір шаңымен жұмыс істегенде қатерлі тері ісігін тудырады (оны бұрын «Құбыр тазалағыштар» ауруы деп атаған). Ұсақ көмір шаңы өкпе құрылымының өзгерісін тудырып, оның қызметін бұзады. Көміртек моноксиді иіс газы өте улы, тұншықтырғыш газының уландырғыш әсері, ол қанның гемоглобинімен жеңіл қосылып, оны оттекті өкпеден ұлпаларға тасымалдауға қабілетсіз етеді.

Тұншықтырғыш газының қауіпті шамасы - 2 пайыз, ол қанның гемоглобинімен мықтап байланысып алғанда өлім қаупі туады. Шамалы уланудың белгілері: адамның қаны ашық қызыл түсті болады, басы қатты ауырып, кейде естен де танып қалады.

Тұншықтырғыш газымен уланған адамды дереу таза ауаға шығарып, қою шәй, кофе беру керек. Мақтаға мүсәтір спиртін тамызып иіскету қажет. Жүрегі айнып құсатын болса дәрігерлік көмек көрсетіледі.

Құрметті,  жеке-меншік үйде тұратын азаматтар !

Отындармен жағылатын пеш жабдықтарымен немқұрайлықпен қарау, мезгілсіз өлім себебі болуы мүмкін.

Сондықтан, қайғылы оқиғаға тап болмастай пештеріңіздің алдын ала тексеріп алыңыздар.

                                                                      М. Хамитова , Екібастұз қаласының ТЖ

басқармасының

бас маманы