kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Қыс 2016» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығу

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 2016 жылғы   18 қазандағы №1-29-4-02/4215-И ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес 2016 жылғы 16-18 қараша аралығында «Қыс 2016» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау».

Оқу-жаттығудың мақсаты- қыс мезгіліндегі қауіпті төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың әзірлігі мен мүмкіндік деңгейін арттыру;

көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда өздеріне бағынысты күштерді басқару бойынша салалық және аумақтық жүйелердің жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру;

қыс мезгілінде болу мүмкін төтенше жағдайларда азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігін тексеру.

Оқу-жаттығуға дайындалу және өткізу үшін тартылғандар:

Жергілікті атқарушы органдарынан – ауылдық округтердің әкімдіктері,   ТЖ алдын алу және жою комиссиясы, эвакуциялық орган, азаматтық қорғау шұғыл қызметтері кәсіпорындар мен ұйымдар, шұғыл әрекет жасағының құрамы, Екібастұз қаласының шаруашылық нысандарының азаматтық қорғау аумақтық құралымдары.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінен:

- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі

Бөлімшелер: Екібастұз қаласы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Шидерті поселкесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі №19 өрт сөндіру бөлімі, «Қазақстан  Республикасы    Ішкі   істер министрлігі  төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар  Департаментінің жедел- құтқару жасағы  (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі.

            Екібастұз қаласында және оның ауыл аймақтарында өткізілетін «Қыс 2016» Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығудың басшысы Екібастұз қаласының әкімі К.Т. Нүкенов.

 

 

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы

төтенше  жағдайларды ескерту

 тобының бас маманы 

                                                                                     М.К. Хамитова 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза