kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Тұншықтырғыш газдан сақтан» атты ақциясы

Тұрғын үйдегі көптеген өрттердің себебі адамдардың өздеріне байланысты болады (көбінде мас болған кезде, психикалық ауру салдарынан, шамасы кеткен қарттар мен жасөспірімдерің отпен ойнауынан болады). Өрттің шығуының негізгі себепкері ол – құрылғылар мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы. Өрттердің жиі өріс алуына табиғат құбылыстарының өзгеруіде себепкер. Ауа температурасының төмендеуінен жылыту құрылғылары мен электр жабдықтарын қолдану салдарынан шыққан өрттердің көбеюі, мезгілге байланысты болып жататыны сондықтан.

Аталмыш себептерге байланысты үстіміздегі жылдың қараша айында «Тұншықтырғыш газдан сақтан» атты ақция жүргізілуде. Осы акция аясында Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, учаскелік полициямен бірлесіп Екібастұз қаласы және оның ауыл аймақтарынның тұрғын үйлерін аралап оларға мамандармен пешті пайдалану кезіндегі өрттен сақтану ережелерімен таныстырылды, әңгімелер өткізді, кеңес берілді. Егерде пеште қандайда – бір ақау болса оны мүлдем пайдалануға болмайтыны түсіндірілді. Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, тезарада лап беретін сұйық жағар майды қолдануға болмайтындығы, жанар-жағар майдың жанып жатқан пештің жанында қалдыруға болмайтындығы жөнінде өрт қаіпсіздік ережесіне сай кеңес берілді. Бүгінгі күнде 686 үй аралады, 771 адаммен сұхбат өткізілді.

Бұл іс-шара  қыс мезгілі біткенше жүргізіледі    

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза