Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мұз үстінде абай болыныз!

         Адам өміріне төнетін табиғи қауіптердің бірі ол қыс мезгіліндегі су тоғанындағы мұз айдыны.

         Қала тұрғындары, әсіресе жасөспірім балалар және әуесқой балықшылар қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар.

         Ересектер әсіресе мұз айдынында сырғанап жүрген балаларға көз қырын сала жүріңіздер.

         Мұз үстінде сақталынатын негізгі ережелерді естеріңізге сала кетейік:

 Мұздың қаншалықты мықты екенін анықтамай оның мықтылығына көзіңіз жетпей мұз үстіне шықпаңыз,  автокөлікпен жүрмеңіз, жыраларда балық ауламаңыз.

         МАЭС-1, МАЭС-2 техникалық салқындатқыш су қоймалар болып саналады, олар әрқашан жылы сумен шайылып отыратындықтан, тіпті аязды күндері мұздың қалыңдығы жұқа, опырылғыш болуы мүмкін.

         Есіңізде болсын, өз өміріңіздің аманшылығы, өзіңізге байланысты екенін естен шығармаңыз!

 

        

М. Хамитова

Екібастұз қаласының

Т Ж басқармасы

төтенше жағдайларды

ескерту тобының

                                                                                                         бас маманы