Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға олардың қолжетімділігін жоғарлатуға үлкен назар аударылады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға олардың қолжетімділігін жоғарлатуға үлкен назар аударылады. Сонымен, корпорацияның офис-майдандарында пандустар мен арбамен жүретін мүгедектер үшін шақыру батырмасы орнатылған. Брайль мәтіні бар ақпарат тақтайшасымен офис-майдандарды жабдықтау бойынша жұмыс аяқталу барысында. Сонымен жуық уақытта нашар көретіндер үшін жанасу жолдарын орнату жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, 1 және 2 топтағы мүгедектер мемлекеттік корпорацияның офис-майдандарына бармай «Азаматтарға арналған үкімет» қызметтерін ала алады. Мобильді топты үйге шақыру үшін Бірыңғай  байланыс-орталығына 1414 нөмірі бойынша  телефон шалу қажет және мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оған 72 сағат ішінде барады. Павлодар обысының мобильді топтары жылдың басынан бастап мүгедектердің үйлеріне 1 321 шығуларды жүзеге асырып, 1 359 қызмет көрсетті, оның ішінде  талап етілген электрондық анықтамалар мен жылжымайтын мүлік және құжаттандыру бағыты бойынша қызметтер.

 Мүгедектер үшін композиттік қызметтерді алу мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, мүгедек тобын алу үшін комиссияны өтіп, бұдан басқа еш жерге жүгіну қажет емес. Оның құжаттары он-лайн режімінде мемлекеттік корпорацияға берілетін болады, онда барлық жәрдемақы  түрлеріне төлем тағайындалды және оларды төлеу ұйымдастырылды. Бұл әділет министрлігінің ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі мен мүгедектер орталықтандырылған деректер базасының көмегімен мүмкін болды, өйткені өтінішті қабылдау кезінде қағаз құжатайналымы толық жойылғандықтан, жеке тұлғаны куәландыратын құжат, тұрғылықты жері бойынша тіркеу  туралы  мәліметті электрондық үкімет шлюзы арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінен алады.

Сонымен бірге ХҚКО департаментінде әр түрлі позицияларда 15 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жұмыс істейтінін айтып ескертуге болады. 

1993 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен  жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде өткізілетін Мүгедектер күні бекітілгенін естеріңізге саламыз.