Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қалада ескерткіш ашылды

2016 жылдың 23 қарашасында «Шахтер» саябағында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Чернобыль атом электро-станциясы апатының  зардабын жоюға қатысқандар құрметіне ескерткіш ашылды. Бейбіт күн үшін жанын қиған әр батыр санамыздан ешқашан өшпейтіні анық. Олардың ерлігіне, азаматтық борышын адал атқарғанына бас иеміз. Мәдени шара барысында батырлардың құрметіне жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері «Чернобыльский аист» әнін орындады. Бір минут үнсіздік жарияланып, Чернобыль апатында қайтыс болғандарға тағзым етілді.