Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жағымды тосын сый

          Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы мерекесі шеңберінде  "Азаматтарға  арналған Үкімет" Мемлекеттік Корпорациясы КЕАҚ -ның  Екібастұз қаласындағы  бөлімшесі  ХҚКО басшысы - Абдуалиев  Канат  Ермекович, ӨВЕАОӘТ басшысы - Коронская Ольга Викторовна, ЖКЖМТҚК –  басшысы  Шакенов Кайрат Еркенович бастаған  қызметкерлер "Үміт" балалар үйі тәрбиеленушілеріне мерекелік бағдарламамен келді. Алдымен Абдуалиев  Канат  Ермекович ересектер мен балаларды алдағы келе жатқан мерекемен құттықтап, балаларға  жақсы тілегін жеткізді. "Ризашылық" деп аталған музыкалық бағдарламаны тамашалай отырып,  ХҚКО  қызметкерлерінің  театрланған қойылымды, әнді кәсіби  мамандар секілді шебер орындауы қатысушыларды таң қалдырды.     Бұл бағдарлама  балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін күтпеген тосын сый болды деуге болады. Балалар  ертегі әлеміне еніп, "кішкентай ханзада" мен бірге  мейірімділік пен әдемілік, бақыт пен  махаббаттың сыйқырлы планетасына саяхат жасады. Шараны  ұйымдастырушылардың өздері  мемлекеттік тілдегі заманауи  әндерді орындап, би биледі, өлең оқыды. Ал бағдарламаның соңында  қонақтар мен көреремендер "Шын жүректен" флешмобына қатысты  және  естелік  суретке түсті.