kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ауыл мектептерінің байқауы

           Екібастұз қаласы білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік  кабинетімен  ауыл мектептерінің арасында  «Ең үздік  әдістемелік жұмыс моделі – 2016»    командалық байқауы өтті. Конкурс Ережесіне сәйкес  байқауға мектеп директорлары және  директорлардың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары үш кезеңде өтті.  «Біз –басқарушымыз», «Ең үздік  әдістемелік жұмыс моделі» бойынша мектептердің оқу іс-тәрбие істерінің меңгерушілері тұсаукесер көрсетсе, мектеп  директорлары «Ең үзлік басқару құрылымы» кезеңінен өтті.

           Байқауға 20 мектептен   барлығы 14 орта және негіггі ауыл мектептері қатысты.Байқауға қатысушылар  өз модельдерін, оқу-тәрбие процесіндегі инновацияларды  мазмұнды  көрсетіп, нақты жеткізе білді.

           Байқау  шоғырлы екі әдістемелік бірлестікте  өтті:

          1)  Сарығамыс мектебінде, Бас Жүлдеге  Шідерті негізгі мектебі ие болса, 1-орын   - Бозщакөл және  2-орын  – Төртқұдық мектебіне  бұйырды.

          2)  Қарасор мектебінде өткенде, Бас Жүлдеге    Бает мектебі ие болды,  1-орын   Атығай мектебіне  және  2-орын  – Қарасор мектебіне бұйырды.  Қалған мектептер  «Ең үздік басқарушы»,  «Дарынды әдіскер», «Инновациялық  идеялар» және басқа  номинацияларға ие болды. 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза