Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының басшысы ауылдық округтің, кент пен ауылдың активімен кездесті

Бекітілген және жергілікті БАҚ (2013 жылдың 4 шілдесіндегі «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде) жарияланған жергілікті бірлестіктермен консультациялар өткізу кестесіне сәйкес а.ж. шілденің 5-нен 9-ы аралығында Екібастұз қаласының әкімі А.Ф. Вербняк 13 ауылдық округтің, кент пен ауылдың активімен кездесті.

Осы консультацияларды өткізу барысында ағымдағы жылдың 7 тамызындағы сайлауға Екібастұз өңірі ауылдық округтері, ауылдары мен кенттері әкімдерінің лауазымдарына үміткер кандидатуралар таныстырылды.